Қазақстанның 12 өңірінде көктемгі ҰБТ басталды

0

Бүгін Қазақстанның 12 өңірінде көктемгі ҰБТ басталды, деп хабарлайды ORDA.

– Қазақстанның 12 өңірінде тестілеу басталады, деп жазды Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Facebook парақшасында.

Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсуді жоспарлаған талапкерлерлерге бір ай уақыт беріледі. Тестілеу компьютер форматында өтеді. Наурыздағы ҰБТ-ға қатысуға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығы сайтында жүргізілді. Пәндер саны әдеттегідей бесеу: үш міндетті және екі бейіндік пән бойынша тестілеу жүргізіледі. Тестілеуге жалпы 4 сағат (240 минут) беріледі. Шекті балл – 140.

Электронды форматта жоспарланып отырған тестілеу «бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера» қағидасы бойынша өтеді. Онда прокторинг жүйесі бойынша Face ID бейнебақылау орнатылады. Ол ҰБТ-ға қатыспақ болған бөтен адамдарды анықтауға мүмкіндік береді.

ҰБТ өткізу кезінде санитарлық талаптар сақталатын болады.

Нақты тестілеуге 116 085 адам қатысты. Ол өтініш берушілердің 96,6 пайызын құрады. Оның ішінде шектік деңгейден өткендер саны – 57 679 (49,7%).