Домой Басты тақырып Қазақстаннан қорқу керек — Лукашенко

Қазақстаннан қорқу керек — Лукашенко

0
1522
6028608 01.10.2019 1 октября 2019. Президент Белоруссии Александр Лукашенко во время церемонии подписания итоговых документов по итогам заседания Высшего Евразийского экономического совета и глав приглашенных государств в Ереване. Асатур Есаянц / Sputnik

27 ақпан күні Белоруссияда конституциялық референдум өтеді. Белорусь Ата заңының жартысына жуығы өзгертіп, енді халық талқысына салынбақ. Бұл жайлы БелТА хабарлады.

Конституцияға енгізілген өзгерістерді талқылауға жиналған бүгінгі Белоруссия Қауіпсіздік кеңесінің отырысында президент А.Лукашенко Қазақстанда болған оқиға жайлы сөз қозғады.

«Ата заң біздің елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс. Қазір қауіп-қатер көп. Қазақстанда болған қаңтар оқиғасы – соның айқын дәлелі. Бұл Ресей мен біздің елге төнген тікелей қауіп. Бүкіл посткеңестік кеңістікке төнген қауіп», — деп өтті беларусь басшысы.