Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады
Қазгидромет синоптиктері бүгін, 26 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Синоптиктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, оңтүстік және Атлантикалық циклондармен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.
Осыған байланысты жауын-шашын, батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп күтіліп отыр. Республиканың кейбір аймақтарында тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік-шығыс, орталық пен шығыста – жаяу бұрқасынмен, оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай болуы мүмкін.
Мамандар Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болатынын ескертті. Жел 15-20 м/с, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі, Жамбыл, Қызылорда облыстарында – тұман. Алматы облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшейюі күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.