Қазақстанда 795 адам коронавирус жұқтырып, 4 адам көз жұмды

0

Қазақстанда өткен бір тәулікте коронавирус 795 адамда ПТР-талдау арқылы расталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Өңірлер бойынша: 

Нұр-Сұлтан қаласы — 85,
Алматы қаласы — 100,
Шымкент қаласы — 15,
Ақмола облысы — 61,
Ақтөбе облысы — 23,
Алматы облысы — 40,
Атырау облысы — 49,
Шығыс Қазақстан облысы — 68,
Жамбыл облысы — 11,
Батыс Қазақстан облысы — 82,
Қарағанды облысы — 62,
Қостанай облысы — 67,
Қызылорда облысы — 11,
Маңғыстау облысы — 5,
Павлодар облысы — 80,
Солтүстік Қазақстан облысы — 30,
Түркістан облысы — 6.

Жалпы пандемия басталғалы ел бойынша ауырғандар саны — 210 357.

Қазақстанда коронавирус пневмониясынан тағы 4 адам көз жұмды.

23 ақпанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 74 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 211 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар — 49121, 619 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 41421 жетті.