Қазақстанда 1 миллионнан астам азаматтың қарызы кешірілді

0
16992
Фото: Ак Жайык

Ел аумағындағы 1 млн-нан астам азаматтың 2 млрд теңге қарызы кешірілді. Бұл туралы бүгін Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті. Айта кетсек, салық рақымшылығын пайдаланғандардың қатары өткен жылға қарағанда биыл 300 мың азаматқа артық, деп хабарлайды AstanaTV.

Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда едәуір өскен. Яғни, салық рақымшылықты өз пайдасына шешкендер қатары еліміз бойынша 70 пайызды құрап отыр. Мемлекеттік кірістер кмитеті аталмыш заң салықтық берешегі бар жеке тұлғалар үшін көмек ретінде енгізілгенін айтады.

«Егерде өсімпұл кешірілетін болса, тек қана сол салықтың негізгі сомасын ғана төлесе болады ғой. Ендеше бұл азаматтарға деген жеңілдік -біріншіден. Екіншіден, салық бойынша берешектерінен құтылу. Сонымен қатар салық жағдайын жақсарту», – Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Абдилов.