Қазақстан «санкциялар соғысына» қатыспайды: СІМ ресми жауап берді

0
2677

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин: «Ресейге салынған санкцияларға ЕАЭО қарсы жауап бермек» деген пікір айтқан болатын. Бұл ҚР билігі ресми түрде жауап берді.

«2014 жылғы 29 мамырда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес бірлестікті құрудың мақсаты тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету, өз халықтарының әл-ауқатын арттыру мүддесінде мүше мемлекеттер экономикаларының тұрақты дамуы үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Қазақстан ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық процестер тек экономикалық сипатқа ие деген ұстанымды қолдайды. Еуразиялық интеграция органдарына тән емес функцияларды беруді қабылдауға болмайтындығын дәстүрлі түрде атап өтеміз және бірлестікті саясиландыруға қарсымыз.

ЕАЭО туралы шартты реттеу мәселесінің шеңберінен шығатын, оның ішінде үшінші елдердің санкциялық әрекеттеріне жауап шараларын қолдану жөніндегі бастамаларды талқылау мәнмәтінінде Батыстың санкциялары өзінің негізінде, ең алдымен, саяси себептері бар және бүкіл ЕАЭО-ға емес, жекелеген мемлекеттерге қарсы бағытталғанын атап өтеміз.

Қазақстан Республикасы ЕАЭО елдерінің «шоғырландырылған шаралары» туралы басқа мемлекеттердің санкцияларына жауап ретінде ешқандай келіссөздер жүргізбейтінін атап өтеміз. Еуразиялық интеграция бойынша әріптестермен жүргізілетін жұмыста мұндай санкциялардың біздің мемлекеттеріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына теріс әсерін болдырмау бойынша бірлескен іс-қимылдар туралы ғана айтуға болады» делінген ресми жауапта.