Қазақстан президентінің іс басқармасы $110 миллионға Airbus ұшағын сатып алды

0

Соңғы аптада Ан-26 ұшағында отырған 4 адамның қазасы мен бұрын мемлекеттік БАҚ-та журналист болған Ербол Мәндібектің 2020 жылы үкімет мүшелері ұшаққа 20 млрд теңге жұмсады деген ақпарат халықты есеңгіретіп жібергендей.

Ертесі күні премьер-министр Ербол Мәндібектің сөзін жоққа шығарды. Алайда өз сөзіне еш дәлел келтірмеді.

Іс жүзінде 2021 жылға ҚР премьер-министрі мен премьер-министрдің орынбасарлары бастаған қазақстандық делегациялардың аса маңызды ұшу сапарларын (литерлік рейстерді) жүзеге асыруға 578 млн теңге мөлшерінде шығыс қаражаты қарастырылған.

2020 жылы президенттің іс басқармасы жаңа Airbus A320 Neo сатып алды. Дереккөздің хабарлауынша, бұл ұшақ тұңғыш президент — қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, ұлт көшбасшысы, көптеген мемлекеттік марапаттардың иесі Нұрсұлтан Назарбаевқа қызмет көрсетеді.

Ресми сайтта сатушы Airbus A320 Neo-ның бағасы 110 млн доллар деп көрсеткен. Десе де қазақстандықтардың сырт көзге «қарапайым болып көрінуге» деген құштарлығын ескерсек, бұл ұшақ арзан немесе ресми жазылған бағадан әлдеқайда бірнеше есе қымбат болуы мүмкін.

Airbus сайтындағы мәліметке сенсек, «Airbus A320 Neo — Airbus A320 тобына жататын реактивті ұшақтардың әлдеқайда жақсартылған нұсқасы».

Ұшақ атауына тіркелген «Neo» сөзі «қозғалтқыштың жаңа нұсқасы» дегенді білдіреді. Егер салон дизайны қарапайым болса, бағасы 80 млн еуроны құрайды.

Шенді шетке ысырсақ, ҚР ҰҚҚ әуе қызметінде де жаңа ұшақ пайда болған еді — Бразилиялық Embraer 650, құны — $20 млн.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шынайы дипломат ретінде 2013 жылы шығарылған қарапайым Airbus 321-211 ұшағымен жиі ұшады. Шын мәнінде, ол 2014 жылдан бастап қолданысқа беріле бастады. Көлемі Елбасының 2007 жылғы Airbus 330-233 ұшағынан әлдеқайда кіші.