Home Басты тақырып Қазақстан өзінің ұлттық мүдделерін қорғайды — Тоқаев

Қазақстан өзінің ұлттық мүдделерін қорғайды — Тоқаев

0
94
Сурет: https://iz.ru/

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев геостратегиялық белгісіздік жағдайында халықаралық аренада елдердің саяси эгоизмі мен экономикалық ұлтшылдығы күшейіп келе жатқанын айтты. Оның пікірінше, қазіргі әлемде халықтардың ғаламдық мәртебесі көбіне технологиялық көшбасшылықтың қызу бәсекесінде анықталады.

«Еліміздің ішкі және сыртқы даму міндеттерін үйлесімді үйлестірудің маңызы күрт артып келеді. Біз барлық кү пен ресурсты Қазақстанның нақты бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жұмылдыруымыз керек. Бүгінгі таңда ұлтты ұйыстыру және әр азаматтың Тәуелсіздік құндылықтарына жанқиярлықпен қызмет ету маңызды.

Біз халықаралық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға бағытталған сыртқы бағытымызды жалғастырамыз, көпжақты құрылымдар мен БҰҰ рөлін күшейтуге көмектесеміз. Біз ұлттық мүдделерімізді берік қорғаймыз, заманауи көпполярлы әлемде өзінің тиімділігін дәлелдеген теңдестірілген, сындарлы сыртқы саясатты дәйекті жүргіземіз», — деді Мемлекет басшысы мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды табыстау салтанатында.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты