Қазақстан электр энергиясын Түркия мен Еуропаға тасымалдамақ

0

Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды KZNEWS сайты.

«Қазіргі кезде электр энериясы қуатын жеткізу саласында бірінші кезекте ел аумағын толықтай қамтамасыз етуге баса назар аударып отырмыз. Сонымен бірге біз осы бағытта бірегей әлеуетімізді пайдаланып, энергияны Еуропаға да экспорттауды қарастырып жатырмыз. Әзербайжандағы әріптестерімізбен жоғары қуатты кабельді тарту бойынша жаңа жобаны талқылауды бастадық. Бұл жоба Қазақстанға электр энергиясын Түркияға, Еуропаға жеткізуге мүмкіндік берер еді», — деді ол.