Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысады

0

Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысына қатысады.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook әлеуметтік желісінде жазды.

«Жиын барысында Президенттің Ұлттық кеңес аясында бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ ҰҚСК мүшелерінің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелері жөніндегі ұсыныстары талқыланады деп жоспарлануда. Отырыс Кеңестің өңірлердегі мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта өтеді», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, Президенттің баспасөз қызметі 15:00-де Facebook желісіндегі AkordaPress парақшасы арқылы ҰҚСК жиынынан тікелей көрсетілім ұйымдастырады.