Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болды

0
1979

Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеуінде айтты.

«Бұзақы топтардың әрекеттері жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көріп отырмыз. Бұл қаржыландырылған бүлікшілердің жан-жақты ойластырылған жоспары екенін дәлелдейді. Бұл — қаскөйлердің қитұрқы әрекеті. Сондықтан Мемлекет басшысы және бүгіннен бастап Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде барынша қатаң әрекет етемін. Бұл — өмірін қорғап қалуға өтініш білдірген көптеген азаматымыздың қауіпсіздігіне қатысты мәселе», — деді Тоқаев үндеуінде.

Бұған дейін Қауіпсіздік кеңесін Нұрсұлтан Назарбаев басқарған.