Қасым-Жомарт Тоқаев FIFA президенті Джанни Инфантиноны қабылдады

0

Кездесу барысында Қазақстан футболының әлеуетін арттыру, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Джанни Инфантиноны FIFA президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, бүкіл әлемде, сондай-ақ елімізде футболдың дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы FIFA-мен арадағы ынтымақтастықты кеңейту перспективасына жоғары баға берді.

Джанни Инфинтино FIFA-ның үздік халықаралық тәжірибесін бөлісуге және Қазақстандағы футболдың дамуына атсалысуға дайын екенін айтты.