Қ.Тоқаев «Нұротан» партиясы қатарынан шығуы керек – Отандық профессор үндеу жасады

0

Қасым-Жомарт Кемелұлы нағыз халық қамын ойлаған, әділ де, адал патриот Президент болса — билік саласындағы ұсталған, ұсталып жатқан (Премьерлер, министрлер, облыс, аудан әкімдері, соттар, прокурорлар т.б) ұрылар мен жемқорлардың 100%-ін құрайтын «Нұротан» партиясының мүшелері болғандықтан — жемқорлар жайлаған «Нұротан» партиясы қатарынан кеткені абзал. (Б.Ельциннің ерлігін қайталап).

Сонда оған халықтың сенімі артады. Сонда ол толыққанды билікке де ие болады.

Қ.Тоқаев өзінің жолдаулары мен халыққа берген уәделерінің біреуін де әлі орындаған жоқ! (Мемлекеттік тіл, үкіметті тарату, сайлауды әділ өткізу т.б.)

Себебі, қолында билік жоқ. «Нұротанның» тізгіндеуімен отыр.

«Amicus plato, sed magis amica veritas» — «Платон маған дос — бірақ шындық қымбат» — дегендей, «Нұротан» партиясының төрағасы Тоқаевтың ұстазы — бірақ, ел Президентіне қазақ халқы мен мемлекеті одан да қымбат болу керек!

Аймұханбет Бейсембеков 12.02.2021