Президент Қазақстан халқын Амал күнімен құттықтады
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2024/03/90f90e27-7612-477f-9702-98a2be16898b-1.webp)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Амал күнімен құттықтады.
«Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін!» – деп жазды Президент өзінің Х парақшасында.
Бұған дейін Амал күнінде кім кімге барып көрісуі керек екені туралы мәлімет жариялаған болатынбыз.