Президент Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинді қызметінен босатты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды.
Еске салайық, 47 жастағы А.Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне 2019 жылдың 18 шілдесінде тағайындалған болатын.
Биылғы 1 маусымда уәкілді Президент Қ.Тоқаев қабылдап, кездесу барысында балалардың денсаулығы мен әлеуметтік тұрғыда қорғалуына, сондай-ақ балаларға жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекетке қатысты өзекті мәселелер талқыланған еді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы бірқатар міндет жүктеген болатын.