«Орысша сөйлейтін депутаттар, Ресейге барып депутат болсын»
«Орысша ғана бiлетiн, сөйлейтін депутаттар, Ресейге барып депутат болсын, бiзге қазақтар керек!»
Мұндай пікірді әлеулметтік желі қолданушылары көтерді. Тек депутаттар ғана емес, министрлер де солай істетін дейді пікір иелері.
Жақында жарияланған облыс әкімдерінің тіл білу көрсеткішінде де барлық әкімдер орыс тілінін жетік білетін болып шықты. Өкінішке орай олар жиналыстарда Ресей мемлекеттік тілінде көбірек сөйлейді.
«Шегі жетті! Депутаттарға талапты төтесінен қою керек. Мемлекеттің тілін сыйламаса, Мемлекеттік тілде сөйлемесе орындарын босатып- кетсін» деп талап қойды Жанатбек Бектемиров есімді азамат.