«Өлім — мен үшін Жаратушымен қауышқан күн»: Әлем әйгілі Румиді еске алуда
XIII ғасырда өмір сүрген Жалаладдин Мәуләнә Руми аты әлемге әйгілі ғұлама, ақын, Ислам әлеміндегі дана сопылардың бірі. Бүгін Кония сұлтанының құрметіне Шеб-и-Аруз салтанатты еске алу шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды KzNews тілшісі.
«Шеб-и-Аруз» аудармасында «үйлену тойы алдындағы түн» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздің Мәуләнәға тікелей қатысы бар. Өйткені сопы «Барлығы өмірмен қош айтысу туралы ойласа, мен оның орнына Құдаймен кездесу туралы сөз қозғаймын» деп бұл сөзді «Жаратқанмен жүздесу», «Жаратушымен қауышу» мағынасында қолданған еді.
2020 жылдың 7-17 желтоқсанында Түркияның Кония қаласында әулие Жалаладдин Мәуләнә Румидің қайтыс болғанына 747 жыл толуына орай екі аптаға ұласқан фестиваль өтіп жатыр.
Шара Сема рәсімі және концертпен жалғасын тапты.
Еске сала кетсек, 2007 жылы ЮНЕСКО көлемінде ақынның 800 жылдығы тойланып, Жалаладдин Мәуләнә Руми жылы деп жарияланды.
Бас редактор
Мейіржан Әуелханұлы
Кония қаласынан