«Ол қазақ үшін жанын берді». Петропавл қаласына Әлихан Бөкейхановтың есімін беру ұсынылды

0
812
Сурет: qazaquni.kz

Орысша қалалар өте көп, мысалы, Петропавл. Меніңше, қаланы қазақ үшін жанын берген азаматтардың атымен атау қажет, деді сауалнама қатысушыларының бірі.

Qamshy.kz басылымы мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына орай лидер туралы сауалнама жүргізді.

Жүргізушінің сұрақтарына дұрыс жауап беріп, қалаларға Әлихан Бөкейхановтың есімін немесе Алаш атауын беруді ұсынғандар болды.

Тіпті, сауалнамаға қатысушылардың бірі туристер ағылып жүретін әуежайға Бөкейхановтың есімін беруді жөн көретінін айтты.

Өкінішке орай, сауалнама кезінде оны философ немесе химик деп атаған жастар да болды.

Аталған сауалнама қазақтілді тұрғындар арасында ғана жүргізілді. Арасында тілшіден қашып кетпек болғандар да табылды.

«Көптеген орысша аталған қалалар бар. Мысалы, Петропавл. Меніңше, қалаларға қазақ үшін жанын берген азаматтардың есімі берілуі тиіс», — деді жауап берушілердің бірі.