Нұрекең қатты ашуланды…: Енді Тұңғыш Президент күні тойланбайды

0
1216
Kazakh President Nursultan Nazarbayev says he will leave his post after nearly 30 years in office. He's seen here at the Akkorda Palace in Astana, Kazakhstan, in 2016.

Мәжіліс Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастауды қолдады.

– Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға қатысты өзгерістер осы заң жобасына енгізілген. Яғни 25 қазанды Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу ескерілген.

Бұдан басқа, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылды, – деді Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов.

Оның алдында «Жаңа Қазақстан» фракциясы Нұр-Сұлтан атауын алып тастап, елордаға Астана атауын қайтаруды ұсынған болатын.

Ол ұсыныс та, әрине бірінші президентке жақпағаны анық.