Домой Басты тақырып Назарбаевқа тиесілі делінетін Jusan Bank мемлекет қаржысын қайтаратын болды

Назарбаевқа тиесілі делінетін Jusan Bank мемлекет қаржысын қайтаратын болды

0
1717

Үкімет басшысы депутаттарға екінші деңгейлі банктерге мемлекеттік көмек көрсетудің мақсатқа сай екендігі туралы жауап берді.

Смайыловтың жауабында көптеген қызықты тұлғалардың аты аталды.

2017 жылдан бастап Қазақстанда ірі банктердің капиталдандыруын арттыру шарасын қарастыратын банк секторының қаржылық тұрақтылығын жақсарту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Осы бағдарлама аясында Үкімет елдегі ең ірі бес банкке: Еуразиялық банкке, АТФ Банкке, Цеснабанкке, Банк ЦентрКредитке және Bank RBK-ге көмек көрсетті.

Жалпы бағдарлама жүзеге асырыла бастағалы бері мемлекеттік қолдаудың жалпы көлемі 701 млрд теңге болды.

Смайылов соңғы бес жылда Нұрсұлтан Назарбаевқа тікелей қатысы бар «Jusan Bankпен» жасалған транзакциялардың көпшілігі тиімсіз болғанын мойындады. Тәуелсіз сарапшылардың көмегімен мемлекетке келтірілген шығынды өтеу бойынша ұсыныстар әзірленді.

Мысалы, АТФБанктің шығыны оны Жусан банкі сатып алған кезде 124 млрд теңге көлеміндегі меншікті капиталды есептен шығару есебінен жабылған.

– Мәміле аясында АТФБанк пен Jusan Bank-тің бұрын шығарылған облигациялары мерзімдерді ұзарту және пайыздық мөлшерлемелерді 4%-дан 0,1%-ға төмендету арқылы өзгертілді. Банктердің облигацияларына осындай модификациялау нәтижесінде Jusan Bank балансы жеңілдетілген және нарықтық сыйақы мөлшерлемелері арасындағы айырмадан 126 млрд теңге көлемінде кіріс әкелді, ол толығымен АТФБанктің залалдарын жабуға бағытталды, – делінген хабарламада. Смайыловтың жауабында айтылған.

Үкімет қазіргі уақытта Jusan Bank-тің жеткілікті капиталы мен өтімділігі бар және мемлекеттік қолдау шараларын кезең-кезеңімен қайтару мәселесін пысықтап жатыр деп есептейді.

Бұл туралы Jusan Bank басшысы Нұрдәулет Айдосов та айтты.

Оның айтуынша, банк сол кезде «Цеснабанк» АҚ және «АТФ-Банк» АҚ (Jusan Bank-пен біріктірілген) көрсеткен қолдау шараларын мерзімінен бұрын мемлекетке қайтарады, бұл «ел тарихындағы теңдессіз алғашқы үлгі».