Назарбаев үлгісінде: Қазақстанда екі жаңа ЖОО құрылады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында Назарбаев университетінің тәжірибесі бойынша екі өңірлік ЖОО құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.
«Білім сапасын жақсартып, сұранысты арттыру мақсатында педагогтарының жалақысы 2 есеге өседі. Жаһандық білім мен инновациялық жүйеге енген заманауи зерттеу университеттері білім экономикасының негізін құрауы тиіс. Сондай-ақ, Назарбаев университеті үлгісінде тағы да 2 ЖОО ашылады», — деді президент.
Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өсетінін мәлімдеген болатын.