Назарбаев туралы тағы бір фильм жарық көрді (ВИДЕО)

0

Республикалық арналар Нұрсұлтан Назарбаевтың америкалық режиссер Оливер Стоунмен сұхбаты негізінде түсірілген көп сериялы фильмін көрсетеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында хабарлады.

«1 желтоқсанда республикалық телеарналарда Нұрсұлтан Назарбаевтың америкалық режиссер Оливер Стоунмен сұхбаты негізінде түсірілген 8 сериялы «QAZAQ: Алтын адам тарихы» фильмі көрсетіле бастайды», – деп жазды Айдос Үкібай.