Назарбаев: Элита арасында ешқандай текетірес жоқ

0
465

Қазақстан халқына үндеу жасаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

«Қоғамда туындаған көп сұраққа жауап бере отырып, БАҚ-қа таралған әртүрлі ақпаратқа байланысты хабарлаймын: мен 2019 жылы президент лауазымды Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырғанмын. Содан бері зейнеткермін. Қазіргі уақытта Қазақстанның астанасында демалыстамын және ешқайда кеткен емеспін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық билікке ие, ол Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы. Жуық арада ол Нұр Отан партиясының төрағасы болып сайланады. Сол себепті елдің элиталарының арасында ешқандай қақтығыс немесе текетірес жоқ. Бұл бағытта таралған сыбыстың бәрінің негізі жоқ», — деді ол халыққа таратқан видеоүндеуде.