«Наконец-то»: Бекшин жаңа штамның қашан келетінін айтты

0

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда брифинг өткізіп, «омикрон» штамы қашан пайда болады деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz сайты nege.kz порталына сілтеме жасап.

«Келетіні анық. Қай уақытта екенін білмейміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған деректерді ғана пайдаланамыз. «Омикрон» туралы болжайтын ресми деректер жоқ», – деді Бекшин.

Брифинг барысында Бекшин Алматыда қазірдің өзінде 1,3 миллион тұрғын вакцина салдырғанын, сондай-ақ, 15 682 адам ревакциналаудан өткенін мәлімдеді.

Сондай-ақ Жандарбек Бекшин қаладағы омикрон штамына байланысты зерттеу қалай жүріп жатқанын айтты.

Бекшиннің сөзінше, бүгінде қала бойынша омикрон штамына мониторинг жүргізіп жатыр.

«Мысалы 3 желтоқсанда Нұр-Сұлтанға 53 сынама жібердік. Ондағы мақсатымыз – сол сынамаларда омикрон штамы бар-жоғын анықтау. Нәтижесі екі-үш күнде дайын болуы керек. Сондықтан омикрон біздің елімізде анықталғанын немесе анықталмағанын айту ерте. 3 желтоқсаннан бері зерттеуде тұр», – дейді ол.

Шетелден келгендер бүгінде арнайы қонақүйде карантинде жатыр. Одан бөлек, үй карантинінде жатқандар да бар.