Мұрат Әуезов: Сауатсыз, білімсіз, мәңгүрттер Назарбаев жүйесіне керек болды (ВИДЕО)

0
8424

Зиялы қауым өкілдері елде болған жағдайға қатысты Азаттық радиосына сұхбат берді.

Мұрат Әуезов: «Мәселені өзіміз өсірдік осында. Өзіміз сауатсыз, құл, мәңгүрттерді. Ол кімге керек болды? Назарбаев жүйесіне керек болды. Оның туыстарына. Халықтың ақшасын өздеріне ұялмай, адам тағдырын ойламай  арам жолдармен жинап алды. Енді оларды қорғап сақтау үшін құлдар керек.  Соларды бала кезден тәрбиелей бастады. Қара күшке шыққан қатал әрекетті толығымен қолдаймын».

Алмасбек Ахметбекұлы, ақын: «Бұл көтерілістің бағасы берілу керек. Оған қатысқан, үн қосқан кісілердің әділ бағасы берілу керек. Амнистия жариялану керек жәй тонаушылардың өздеріне. Магазиннен бір зат алып кеткен, ештеңені бүлдірмегендердің өзі ертең ұсталуы мүмкін. Пендешілік болды, азық-түлік керк болған шығар.

Ескертусіз оқ ату деген Үкіметтің үрейінен туған мәселе. Мұндай қателік болмау керек еді. Оған бармау керек еді. Оны ауыз жөнінде айтып, іс жүзінде орындамау керек еді».

Дулат Исабеков, жазушы: «Он мың адамды қамағаннан кейін, оларға экстремистер дедік, террористер деп баға бердік. Оның ішінде арабша сөйлеп жүрген шетелдің азаматтары көп деді.  Енді халықтың ойында бір сұрақ тұр. Неге солардың оншақтысының бетпердесін сыпырып, неге солардан жауап алмауға. Бұл шындыққа жанаспай ма деп ойлаймын. Ұсталғандардың тоғыз мыңы өзіміздікілер сияқты. Енді арты тыныштық болсын дейміз».