Домой Басты тақырып Мұхтар Жәкішев саясатқа қайта оралмақ

Мұхтар Жәкішев саясатқа қайта оралмақ

0
736

Қаңтардың соңында «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма басшысы Мұхтар Жәкішев саясатқа оралуға ниет білдірген болатын.

Жәкішевтің Үкімет құрамына оралуы туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов жауап берді.

– Сұрақтың өзі қызық. Бірақ ол сұрақ біздің құзіретімізге жатпайды. Есімі аталған бұл азамат бізге қай салада, қандай қызмет атқарғысы келетінін айтып, келген жоқ. Сол себепті ол сұраққа жауап бере алмаймын, – деді энергетика министрі.

Еске салсақ, Арманжан Байтасовтың YouTube арнасы берген сұхбатында Мұхтар Жәкішев саясатқа бір ғана талабы орындалса қайтып келетіні туралы айтты.

– Тек бір жағдайда… Егер менің жұмысым реформаларға қызмет ететін болса ғана келемін. Егер мені қоғамды тыныштандыруға шақырса, сенетін адамның символы және т.б. Егер менің шақыруымның осындай себебі болса – онда жоқ. Мен мүлдем келіспеймін. Менде жалғыз ғана нәрсе бар – менің білімім мен беделім.

Мен жұмыс істегенсіп отыру үшін немесе қандай да бір лауазым алу үшін білімім мен беделімді салғым келмейді. Мені лауазым қызықтырмайды. Ешқашан қызықтырмаған. Қазір тіпті де қызықтырмайды. Егер елдің игілігі үшін істелетін жұмыс болса, егер ол реформалауға әкелетін болса – мен дайынмын. Бірақ бос сөз болса, мен оған уақыт жұмсағым келмейді, – деді Мұхтар Жәкішев.