Митингке шыққандардың тағы бір талабы: Цой отставкаға кетсін!

0

Шерушілер тағы бір талап көтеріп — Қазақстанға үш миллион доза мөлшерінде жеткізілетін қытай вакцинасын қолдануға қарсы ұран тастап өтті.

«Ел-Аманат» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Рысбек Тоқтасын қытайдан әкелінетін  үш миллион доза вакцинаға  қарсы ұран тастап, Цойдың қызметінен кетуін талап етті, деп хабарлады Orda.kz. тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматыда өткен кездесуде Қытайдың Sinovac Biotech компаниясынан үш миллион доза вакцина әкелінеді деп мәлімдеген болатын.

Көптеген талаптардың қатарында белсенді Рысбек Тоқтасын Денсаулық сақтау министрінің жұмыстан кетуін де талапқа қосты.