«Менттер, қайда бара жатырсыңдар?»: Ереуілге шыққан жүк көлік жүргізушілерін ұстау елдің ашуын туғызды (видео)

0
1169

Шаш ал десе, бас алатын полицейлердің заңсыз әрекеттері жүк көлік иелерінің  ызасын тудырды.

Алдымен, Қазақстанның батысында басталған наразылық шарасы бүкіл елге таралып жатыр. Наразылық шарасы 9 аймақты қамтып үлгерді. Жүргізушілердің басты талабы-жолдың сапасы жаман, инфраструктура жоқ. Ақылы жол бола тұра сапасы сын көтермейтін жолдың мәселесін көтерген ауыр жүк көлік иелері арнайы наразылық шараларын өткізді деп жазады Politic сайты.

Мәселен, әрбір шаршы километрі 37 теңгеге бағаланатын жол ақысы өте қымбат. Шымкенттік көлік жүргізушілері көп шығынға бататындарын айтады.

Ал Атыраулық көлік жүргізушілері қаладағы тұрақтардың біріне жиналды. Ауданның атқамінерлері шығып Атырау жолдарының кейбір жерлері тегін болатын айтып, халықты сабырға шақырды.

Нұр-Сұлтан қаласының жүк көлік иелері әріптестерін қолдап, олар да шығынның көбейгенін, сондықтан дамыған елдердегідей тегін жол жүру құжатын жасатуды талап етті.

Наразылық шарасына Түркістан облысының жүргізушілері де қосылды. Ер азаматтардың үкіметке қойған басты талабы-автотрассаны тегін пайдалану. 31 мамырда таң атпай Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолын жапқан Түркістандық ер азаматтар көліктерін жол бойына қаңтарып қойды.

Ал, “ҚазАвтоЖол” болса, 6 мың километрге созылған жолдың қай уақытта ақылы болатынын және тарифті қайта қарастыратындарын мәлімдеді. Компания басшысы ақылы тариф маусым айынан басталатындығын бұрын жариялаған еді.

Әзерге екі тарап бір жақты келісімге келді ме жоқ па әзерге белгісіз. Жағдай ушығып тұр.

Ал өз пікірлерін ашық айтып, еш заң бұзбаған қарапайым көлік жүргізушілерін түні бойы қамаған полицейлердің заңсыз әрекеттері халықтың наразылығын туғызды. Тіпті күндіз қамаса ештеңе емес еді. Ал түнде полицейлердің арнайы жорық ұйымдастырып, көлік жүргізушілерін құрықтауы адамгершілік пен заңдық әрекетке жатпайды.

Көлік жүргізушілерін қолдаған жұрт әлеуметтік желілерге жаппай пікір жазып жатты.

“Менттерді шошыту үшін топтасып тұра беріңдер. Полицейлер адамның мойнына отырған арамтамақтар. Үкімет елді жеп жатыр, ал полициялар оларды қорғайды. Жігіттер қорықпаңдар. Олар азғындар” деген пікірлер қарша борап жатыр.