Мәжіліс Назарбаевтың екі ұйымдағы төрағалық қызметін тоқтатты
Мәжіліс конституциялық заңдарға түзету енгізіп, еліміздің Тұңғыш Президентінің Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалығын тоқтатты, деп хабарлайды kznews.kz сайты ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Қанат Нұров Facebook-парақшасында мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының Парламентте сөйлеген сөзі революциялық сипатта болды, халық жеңілдеп қалды. Енді Парламент пен үкімет барлық уәдесін толық, шұғыл және нақты орындауы керек», — деп жазды Мәжіліс депутаты.