Мәсімовтың тағы бір орынбасары ұсталды

0
Елордада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) 5-департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды kznews.kz сайты Михаил Козачковтың мәліметіне сілтеме жасап.

«Елордада ҰҚК-ның 5-департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов ұсталды. Тергеу оның Алматыдағы тәртіпсіздіктер барысында ұсталған ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстарын жасырған, не жасырмағанын тексереді», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәжілов те ұсталды деген мәлімет тарады.