Мәсімов Ақсу қаласының тұрғындарын жеке қабылдады (ВИДЕО)

0
470

Павлодар облысының бас полицейі Нұрлан Мәсімов Ақсу қаласында азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция оқу орындарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі.

«Білім беру мекемелерін заңсыз қол сұғушылықтан тиімді қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, оқу орындарындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін шешу полицияның үнемі бақылауында. Бүгін білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігін тиісті түрде қамтамасыз етуді тексеру мақсатында Ақсу қаласындағы №2 жалпы білім беретін орта мектепке бардым, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Тәртіп сақшысы бүгінгі таңда білім беру ұйымында 64 бейнебақылау камерасы орнатылғанын хабарлады, оның ішінде 16 сыртқы, 48 ішкі камера. Сонымен қатар, өңірдегі барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйелерімен толық жабдықталған.

Нұрлан Мәсімов Ақсу қаласындағы 28 білім беру нысанының Павлодар қаласының Жедел басқару орталығына қосылуы жоспарланып отырғанын атап өтті.

Қазіргі заман талабына сәйкес, барлық білім беру нысандарында дабыл түймелерінің, сондай-ақ 31 ұйымда кіруді бақылау және басқару жүйесінің (турникеттер) орнатылуы өте маңызды.

Тексеру барысында “соқыр аймақтар”, сондай-ақ қосымша бейнебақылау камераларын орнату қажет орындар анықталды, олар мектеп әкімшілігіне көрсетілді. Сонымен қатар, Нұрлан Мәсімов мектеп әкімшілігінің назарын дабыл түймешігін ғимараттың кіреберісінде орналасқан күзетшінің жұмыс орнына ауыстыруға аударды. Білім беру мекемелерін қорғауды тікелей ұйымдастыру ерекше маңызды факт болып табылады. Бүгінгі таңда 9 білім беру нысаны мамандандырылған күзет қызметіне ауыстырылды, қазіргі уақытта қалған нысандар кезең-кезеңімен мамандандырылған күзет қызметіне ауыстырылуда.

«Білім беру мекемелеріндегі ішкі істер органдары жұмысының негізгі құрамдас бөлігі оқушылар арасында да, оларға қатысты да құқық бұзушылықтардың алдын алу, – деп атап өтті Нұрлан Мәсімов.

Мектептерді тексеруден басқа, полицияның “қадамдық қолжетімділік” қағидатын қамтамасыз ету шеңберінде Ақсу қаласы полиция бөлімінің “Азаматтарға арналған қабылдау бөлмесінде” полиция қызметіне қатысты мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау өткізілді.

Ақсу қаласының азаматтары толғандырған сұрақтармен жүгінді. Мысалы, 70 жастағы Ілиясова Күлән мәселені шешуге көмек сұрады. Бірнеше ай бұрын оның туған қызы мен немересі қарызға 1 млн. 300 мың теңге алып, бірақ әлі күнге дейін қайтармады деп шағымданды. Әйел ақшасын қайтарып алуға полицияның көмектесуін сұрады.

Жанабек Жантілеуов апат салдарынан ағасы қайтыс болған оқиғаға тоқталды.

Сондай-ақ, нағашысы спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланады деп әйел хабарласты. Полицейлер кезекті отбасылық жанжалдан кейін нағашысын Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырды. Енді қыз нағашысы орталықтан шыққаннан кейін түзелу жолына түспейді деп қорқады.

Нұрлан Мәсімов әрбір өтініш бойынша Ақсу қаласының полиция ведомствосының басшылығына орындау мерзімін көрсете отырып, тапсырма берді.

«Мен мұндай әдістер қарапайым азаматтар үшін тиімді деп санаймын. Олар мені тыңдап, ұсыныстар берді. Осындай қабылдауыңыз үшін рақмет, – деп өз әсерімен бөлісті Жанабек Жантілеуов.