МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ ТӨРЕ БИЛІГІ

0

Бүкіл адамзат қоғамы дамып ұлы өзгерістерді күтіп тұрған 21 ғасырда Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алға қойған «Мәңгілік Ел» идеясы Түркі халықтарының адамзаттың саяси сахынасындағы Мәңгілік Ел құру идеясы. үшіші мыңжылдық аясында жершары картасынан қаншама мемлекеттер жоғалып, қанша мемлекет пайда болады? Дүниеге қожалық рөлін атқарып келе жатқан мемлекеттердің саяси сахынадағы орны өзгеріп, қаншама біз ойламаған әлемдік өзгерістер туылады?

Мәңгілік Ел құру адамзат баласы жаратлғалы бас қатырып келе жатқан өзекті мәселе. Бүгінгі Қазақстанның негізі болған Қазақ хандығының; Қазақ хандығының ұйытқысы болған Шыңғысхан құрған алып имперяның; Шыңғыс империясының жалғасы Алтын Орданың; Алтын Ордамен қанаттас өмір сүрген Осыман империасы адамзат қоғамына зор ықпал көрсетті. Бұл мемлекеттер әлемдік империя құрудың негізін қайдан алды? Өзегі не? Шыңғысханның Төре билік жүйесі — билік жүйедегі тапқырлық па, әлде арғы мың жылдықтағы жүйенің жалғасы ма? Оғыз төрелері құрған ұлы Осыман империясының билік жүйесі қайдан, қалай қалыптасты? Оғыздар ата жұрты болған Түркі даласынан алып барған ба? Деген келелі сұрақтар туындайды.

Екіншы мыңжылдықтың ұлы Қағандары Шыңғысхан және Осыманның билік жйесі бірінші мыңжылдықта дүниені дүр сілкіндірген Аттила(Еділ) құрған Ғұн империясы мен ұлы Түрік Қағанаты билік жүйесінің жалғасы ма? Ежелгі ата-бабаларымыз Мәңгілік Ел құруды ойластырған ба? Немесе ұзақ өмір сүретін биліктің сырын ашып мемлекетке пайдаланған ба? Әлемде сырлы болған Көк Түрік, Шыңғысхан, Осыман империяларының тасбақа тұғырлы алып ескеркіштермен нендей байланысы бар? Үшінші мыңжылдықта Қазақстанды қамтыған Түркі мемлекеттері Мәңгілік Ел құра алама, жоқ па? Дейтін аса келелі сұрақтар туындайды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылы 17 қаңтарда Мәңгілік Елдің жеті басты құндылығын жариялады.

Бірінші, Қазақстанның тәуелсіздігі жане астанасы.

Екінші, қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Үшінші, зайырлы қоғам жане жоғары руханият.

Төртінші, индустрияландыру инноватцияларға негізделген экономикалық өсім.

Бесінші, жалпыға ортақ еңбек қоғамы.

Алтыншы, тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Жетінші,  еліміздің ұлттық қауыпсіздігі және бүкіл әлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Бұл жеті құндылық жаһандану заманындағы Елбасымыздың Мәңгілік Ел жөніндегі кешенді идеясы.

Біз ата тарих қойнауына көз сала отырып түркілік жолды зерттей келе Мәңгілік Елде мынадай Үш Тұғыр болу керек деп санаймыз. Түркі халықтарының танымы бойынша Жер Тұғыр (жер ана) оның үстінде адам баласы, адамзатты біріктіретін қозғаушы күш Ел Тұғыр (Билік тұғыр…) мен Аспан Тұғыр (ғарыш әлемі) осы Үш Тұғырды біріктіре білді. Сол арқылы Түркілік географиялық аймақды әрі өркениет жаратты. Түркі халықтары Бұл Үш Тұғыр бір-бірімен байланысқан, ажыратуға келмейтін, бірін-бірі толықтайтын құдыретті күшке ие болатын сырын ашқандықтан алдыңғы үш мыңжылдықта құдіретті мемлекет құра білді. бірнеше мыңжылдық тәжірибеден өткізді. Біз бұл мақалаламызда Түркілік таным және Түркілік сөз қолдану аясында Мәңгілік Ел құру философиясын түсіндіреміз.

Мәңгілік Елдің Жер Тұғыры болу

Мәңгілік Елдің Ел Тұғыры болу

Мәңгілік Елдің  Аспан Тұғыры болу

Бірінші, мәңгілік Елдің Жер Тұғыры (жер ұйығы) болу

Жершары милиондаған тіршілікті құшағына алып ықылым заманнан бері асырап келген ұлы анамыз. Ол бүкіл тіршіліктің көзі. Тіршілік атаулының мәңгілік мекені, Жер Ұйығы. Біз түсінік жасағалы отырған Жер Ұйық Түркі тілдес халықтардың бүкіл адамзатқа мәдениет таратқан, адамзаттың ең алғашқы өркениетін тудырған жер өзегі. Ұлы бабаларымыз көзінің қарашығындай қорғаған өсіп-өнген қасиетті мекені. Мәңгілік Ел құру үшін сол халықтың  ең әуелі тұрақты жері болуы шарыт. Жер Тұғыры сол елге қатысты жер, өзен-сулар, көлдер мен теңіздерді, тауларды қамтитын тіршілік иесі мен мемлекеттің ғасырлар бойғы мекені саналады. Жер Тұғырының маңыздылығын баяндауда Түркі халықтарының ұлы ойшылы, Ұлы Ұлыстың(Алтын Орда) ақылшысы болып үш хандықты бастан өткізген Асанқайғы Сәбитұлына және оның Жер Ұйық идеясына тоқталмау мүмкін емес. Асанқайғы 15 ғасырда өмір сүрген қазақ халқының ұлы ойшылы. Ол алғашында Алтын Орданың астанасы Сарай қаласында, кейін Қазан қаласында ұлы Мұхаммед ханның қасында беделді, ықпалды билердің бірі болған. 1445 жыл Мұхаммед хан (Орманбет хан) өліп Алтын Орда ыдыраған кезде қазақ даласына қайта оралып қазақ хандығын құрған Жәнібек ханның (1456–1473) жырауы және ақылшысы болған. Шоқан уәлихановтың сөзімен айытқанда: «көшпелі ноғай қазақ ұлысының филосоФы»[1].

Әбілқайыр ханның (1428–1468) айналасындағы көрші елдермен соғысып халық әл-ауқатының нашарлап күйзеліске ұшырап мемлекет әлсіреуі салдарынан жаңа бір билікті аңсаған жағдайында мемлекет тамырын дәп басып ұстап біліп отырған Керей мен Жәнібек осы жерде ежелгі биліктің жалғасы болған жаңа бір мемлекет құру уақытының пісіп-жетілгендігін, жаңа билік орнатпаса болмайтындығын жете түсінген. Қос кемеңгер ұлы ойшыл Асанқайғы мен мемлекет құру жұмысын ақылдасып, Асанқайғыдан келелі кеңес сұрады. Асанқайғы Қазақ халқының қайтадан ел болуын армандайтындығын, Қазақ халқының осы жерде бірігу мүмкіндігі бар екендігін, Жер Ұйық болмаса мемлекет құру ісінің кейіндейтіндігін, бір тудың астына шашырап жатқан елді ұйЫстЫрудЫң қажтті екендігін түсіндіріп «Жер Ұйық» идеясын алға қойды.

«Қазақтың қысқаша тарихы» және «Қазақтың мәдениет тарихында» Жер Ұйықты былый баяндайды: Асанқайғының ойынша халықты мәңгі бақытқа бөлеудің бірден-бірі шығар жолы жер үстіндегі Жұмақ – «Жер Ұйықты» іздеп табу. Асанқайғы арманындағы «Жер Ұйық » —  елді жау алмайтын, малға жұт жүрмейтін, шөбі шүйгін, суы сүт, топырағы май, тасы алтын, ағаш басы толған жеміс-жидек, қайғы-қасыреттен аулақ құтты қоныс. Ол арада қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман болады, жұрыттың бәрі тең, бәрі шат-шадыман тіршілік кешеді. Ел аласы, ру таласы жоқ малға жәйлі, мәңгілік бақытты өмірге кенелуге болатын ырысты мекен… дейді .[3] [2]

Үлкен мақсатты арқалаған Асанқайғы қазақ даласының батысынан шығысына, оңтүстігінен солтүстігіне дейін аралап, Қазақ халқы Билік Тұғырын қалыптастыра ала ма деген оймен желмаясымен тынымсыз кезді. Жер тұғырын анықтады, тексеру жүргізді.

Ол кезде Қазақ халхының негізгі рулары Еділ Ноғайларына, Әбілқайыр хандығына, Моғолыстан хандығына, Сібір хандығына қарап ұлан-қайыр даланы алып жатқан. Қазақ рулары бірікпей жер бірікпейтінін білген ойшыл бір билікке (бір кіндікке) жиуға тура келетіндігін, ежелгі ата-бабаларымыздың жер ұйық туралы көзқарастарын «олардың аса бас иіп табынғаны Алтай, Тарбағатай, Көкімен таулары, күнгейдегі ұлы биік Тәңір тау. Олар осылардың барлығын киелі деп санады. Әдемі таулар – Ғұндардың ата-бабасының Жер Ұйығы болған сәуегей жер»4]] дегенді негізге алды. Ежелгі Әпсана бойынша Жер Ұйығын қортындылаған Асанқайғы Түркі халықтарының ата мекенінен Азияның қоңыржай белдеулік төрт маусымы айқын, жұт жүрмейтін, суы сүт, топырағы май, тауы алтын, тасы күміс, жері құнарлы, егіншілікке аса қолайлы жерлер мен солтүстіктегі салқын, мал шаруашылығына қолайлы шұрайлы жайлімді, түгін тарытса майы шығатын кең алқаптан қазаққа тән маңгілік мекен іздеді.

Асанқайғы кең жатқан Қазақ жерінің бірігуін, бір тұлғалануын, ұйысуын, ұйуын, бірігуін көзде ұстады. Түркі халықтарының ішіндегі Қазақтардың осы Жер Тұғырында мемлекет құруға болатындығын, Жер Тұғыры болмаса биліктің баянды болмайтындығын, сол халықтың ежелден мекендеген қарашаңырақ ата қонысы, халқы жер-судан қысылмайтын, мал мен басы тең өсетін, жерінде құт бар, асау өзен ұлы таулары бар, біріңғай бір тұлғаланған халықтан құрам тапқан, рухани бірлігі мен тамыры терең Билік Тұғыры бар жердің өзегі болған мекеннен ғана «Жер Ұйық» қалыптасатындығын ойға түйді. Дәл осындай жерде мекен еткен халық мемлекет құруына болатынын ойлап, негізгі принциптерін алға қойды. Стратегиялық жоспарын жасады.

Асанқайғының арманындағы Жер Ұйық «елді жау алмайтын» — бұл елді жау алмау үшін Билік Тұғыры болу керек. Билік Тұғыры бар елді жау ала алмайды. Билік Тұғыры бар елде мемлекет болады. Мемлекетті бар елде елін қорғайтын әскери жүйесі болады. Әскери жүйесі бар ел халқын жауға алдырмайды. Бұл мемлекеттің, елдің амандығының кепілі.

«Малға жұт жүрмейтін» — төрт түлік малдың өсуі мен амандығы үшін мал жесе таусылмайтын құйқалы жер. Ол жердің заттық материялдармен қамдайтын кең жер-су болу керек дегендік.

«Жұрыттың барлығы тең» — ақиқат пен әділдікке құрылған заң болу керек деген сөз. әділ заң бар жерде жұрыттың барлығы тең болады. Билігі әділ халықтың халқыда берекелі болады. Халқы берекелі, ру таласы, жұрт аласы жоқ елге айналады. Бір мемлекеттің қоғамы тыныш болу үшін кемелді заңы болу керек дегендік.

Юан патшалығының тарихи-георапиялық шежіресін жасауға үлкен үлес қосқан Жамалдин 1288  жылы Құбылай ханға: еліміз теңдессіз бірлікке келді, териториясы кеңейді, басты жұмыстар ретке түсіп, хан-патшалар әділ билеп, өткен әрқандай заманға қарағанда қой үстіне боз торғай жұмыртқалайтындай заман болды. Соған мен Ұлы Бірлікке қарасты ел-аймақтардың тарихын жазып шығуға бел байлап отырмын [5] …деген дәттеме жазады. Демек, Түркі халықтары демократиялы зайырлы қоғам дегенді баламалап «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заман» деп атағанын көреміз.

Ұлы дала құрлығының өзегін алып жатқан қазақ жері батыспен шығысты жалғауда, тоғыстыруда, сауда-саттықты дамытуда басқа халықтар мүдделік танытуға мәжбүр болатын сол Жер Ұйықты бірлікке келтіретін, қалыптастыратын, ұйытатын, бір тұлғаландыратын мемлекет құру идеясы жер ұйық идеясы бірте-бірте Қазақ Хандығы болып қалыптасты. Осылайша Жер ұйық идеялогиясының негізін салып қазақ мемлекетін құрудың түйінін тауып шықты.

Қазақ жерін негіз ете отырып қалыптасқан империялардың, Қағанаттардың, хандықтардың; жаңа эрадан бұрынғы Сақ және Ғұн империяларының, Көк Түрік Қағанаты, Қараханилер Қағанаты, Шыңғысхан Империясы, Алтын Орда, Шарроссия қатарлы империялар мен мемлекеттер Қазақ даласына табаны тигеннен кейін күшейген. Барлық империялар мен Түркі тілдес халықтар Қазақ жерін қарамағына алғаннан кейін құдыретті мемлекет болатындығын түсінген. «Ұлан-қайыр Қазақ даласы өңіріндегі шұрайлы қоныс өзен алқабындағы егінші аймақтар және батыс пен шығыс арасындағы керуен жолы, жол жағалай салынған қалалар, кеніттер, шаруашылық мәдениеті гүлденген негізгі жерлерді иемденуде әскери стыратегиялық және саяаси экономикалық мәні зор болды»[6]. Сондықтан империялардың  хандықтардың қай-қайсысыда осы үлгілерді меңгергенде ғана эканомикалық қуаты артып ірі елге айналатынын түсінді. Осы өңірді меңгерудің стратегиялық маңызын жете танып, осы өңірде берік табан тіреу үшін жанталасты, соғысты. Осы себепті Қазақ жері Еуразия құрылығындағы өзекті жерге айналды. Қазақ даласында құрылған немесе жанамалай қосып алған иемпиялар мен хандықтар бұл мекеннен айырылғаннан кейін әлсіреген. Қазақ хандығының  Әбілқайыр хандығының орнын басуы Әбілқайырдың немересі Шайбани мен болған отыз жылдық соғысы Қазақтың ұпайына шешілуі, Шағатай хандығынан Тәңір таудың Іле аңғары солтүстікігімен Сыр өңірінің, Шу бойының қазаққа тәуелді болуы Қазақ хандығының күшейуіне жол ашты.

Көрші халықтар Қазақ даласын уысына алмай құдіретті елге айнала алмайтынын ерте білгендігін тарих беттерінен көре аламыз. Шар патшасы Петр1 былай деген: «Барылқ Азия Елдері мен жерлеріне кірудің кілті мен қақпасы — дәл сол Орданың (Қазақ Хандығының) өзі ғана. Осы себептен де солар арқылы ғана барлық Азия елдерімен қатынасатын жолымыз болу үшін ол Орда (Қазақ хандығы) Шарруссияның қолында болу керек»[7]. Левшинның айтуынша, Қазақтардың бағынуы Руссия үшін пайдалы деп қарады:  1, бұл империя бір тамшы қан ағызбай бірнеше жүзмың халықты қосып алады. 2, Қазақтардың бағынуы шығыс оңтүстік өлкелердің қауыпсіздігін қамтамасыз етеді. 3, ұлы Петрді қорқытқан Жұңғарлар әлі күшті, ол кезде Бұлардың Шарроссияға төндіретін қаупы зор болып отырған. Қазақтар бағынғаннан кейін Қазақтар арқылы Жұңғарларға төтеп беруге және жұңғарлардың күшін әлсіретуге болады. 4, үнемі бүлік шығарып үкіметтің мазасын кетіріп отырған башқұрттарды, қазақтардан пайдалана отырып бойсындыруға болады. 5, Қазақтарды іске сала отырып таяу маңдағы Аларларды, Қарақалпақтарды және ұлы Петр кезінде Руссияға апат әкелген Хиуалықтарды бойсындыруға болады. 6, Петр Қазақ хандығын барлық Азия Елдері мен жерлеріне кірудің кілті деп қараған және оны қаратып алудың стратегиялық маңызы жоғары деп бағалаған .[8]

Іргелес отырған Қытайлар Қазақ даласының маңыздылығын ерте түсінген халытардың бірі. Қытай патшасы Хәнуди заманымыздан бұрынғы 138 жылы батысында жатқан көшпелі халықтардың жағдайын білу, өзіне одақтас тауып Ғұндарды жойып батысқа жол ашу үшін Жаңшиян бастаған елшілік қосынды ұлы Иүзлерге  аттандырды. Чжан цянь он жыл Ғұндардың қамауында тұрып Үйсін хандығы жөнінде  630 мың халқы, 188 мың  800 атты әскері бар[9] ел екендігінен мәлімет алып қайтады. Осылайша Хәньуди Үйсін хандығымен құдандалы қатынас орнату үшін Қазақ даласының іле аңғарына елші аттандырды. Заманыздан бұрынғы 105 жылы Шижун ханшаны ұзатып құдандалық қатынас орнаттты. Ежелгі Қассақтардың мәдениет таратқан көшпеллер жолы мен керуен жолына Қытайлар сауда жолын жалғады. Шығысы Алтайдың арғы бетінен Жұңғар ойпаты мен Еренқабырға Тұрпанға дейін, батысы Каспи теңізіне, тіпті оның батыс жағалауындағы Түркі жерлеріне Қазақ даласынсыз бару мүмкін еместігін ойға түйді. Құдандалықтың арқасында Ғұн, ұлы Иүз халықтарын жойды және әлсіретті. сол арқылы фарфор, жібек бұйымдарының батыс Азия, Европа елдеріне дейін тасымалдануына жол ашты. Ал, 2013 жылға келгенде қытай төрағасы Сицзньпин Нұр-сұлтан қаласының Назарбаев университетінде «бір белдеу, бір жол» әлемдік стратегиялық жоспарын дүниеге жариялады әрі тұңғыш президентімізбен келісімге қол қойысты. Байырғы Жібек жолын онан ары дамыту кезек күттірмейтіндігін, батыс пен шығысты тұтастыратын ұлы құрлықтық жобасын іске асырудың кілті қазақ жері екендігін тағы бір әлемге дәлелдеді.

Асанқайғы арман еткен «Жер Ұйық» — ағылшын ойшылы Томас Мордың «утопия» аралы, италиялық Томмазо Кампенелланың «күн қаласы» сияқты утопиялық ойдың жемісі екені даусыз. әрине, бұл 15 ғасырдағы көшпелі Қазақ халқының қоғамдық болмысынан туылған утопиялық идеия. «Бұл — Асанқайғының бақыт мекені жер ұйық жайлы утопиялық шығармасының ауыздан-ауызға көше келе өзгерістерге түсіп, аңызға айналаып кеткен нұсқасы деп шамалауға негіз бар»[11][10] деп «Қазақтың Қысқаша тарихы» мен «Қазақ-Совет Ентциклопедиясында» жазылғандай утопия болмастан, «Қазақ өркениетінде» жазғанындай: «Асан Сәбитұлы — жырау, ойшыл, мемілекет қайраткері. Ол қазақ этносын әрі мемлекет қалыптастырып, нығайтуда «жер ұйық» ілімін дүниеге әкелді. Бұл халықтың қауымдасып, ұлттық мемлекет құру идеясы болатын» [12]дегені аса орынды  пікір болып Түркі халықтарың арыдан келе жатқан ой-танымдарына сүйене отырып жер өзегіне сараптама жүргізіп шығарған шынайы қортынды болды.

Жер Ұйық — өзінің қойнауында жатқан халықтарды асырайтын, адам баласының алаңсыз өсіп-өнуіне, алаңсыз өмір сүруіне, адамзатты ізгілік, беибітшілік, татулыққа шақыратын, Түркілер және оның ата-бабалары мекендеген адамзат өркениетінің алтын бесігі. Мұндай мекеннен айырылу деген Түркі халқы жойылумен бірдей немесе жерден айырлу жаннан айрылу деп ұғынды.

Қазаыстан жер аумағы жағынан бүкіл әдемде 9 орында тұруы, ұлан-қайыр даласының жер үсті және жер асты байлығы жағынан бүкіл әлемде алда болуы, ұлы құрлықтағы тоғыз жолдың торабы болуы, әуе жолындада маңызды орында тұратындығы, қысқасы Евразия құрлығының маңдайға басқан аса өзекті жері екендігі осызаманғы ғылымға сай дәлелденіп отыр. Бұл шұрайлы аймақта неше жүз милиондаған халықты алаңсыз асырауға болатындығын кейбір зерттеушілер алға тартады.

Қазақстанның ұлан-қайыр даласы шаруашылықты шалқытып экономиканы қуатты арыттырып, шетелден аса мол қаржы әкелетін тартылыс күшке ие мекен. Бұл ұлы дала топырағындағы сирек кездесетін металдармен жанарзат байлығы, мол мұнай қоры, егіншілікке қолайлы көз жеткісіз жазықтар мен малшаруашылығына жететін шұрайлы жайлымдар, геограФиялық орны аса маңызды екні белгілі. Қазақстан ауылшаруашылығы саласын дамыту арқылы көптеген елдерге азық-түлік және ет өнімдерін экспорттайтын аса ірі елге айналатын шарт-жағдайы толық аймақ.

Жер Ұйық шетелден мол қаржы Капитал, озық технология тартатын экономиканың қайнар көзі. Мемілекеттің ішкі өндірісін дамытып өндірс ошақтарын ашатын, импорт етеін мемілекеттен экспорт ететін мемлекетке айналдыратын, барлық салаға қаржы тартатын, мемлекет қуатын арыттыратын, мемлекет пен ұлттың табан тірер тиянағы, мәңгілік ел құрудың басты шарты. Асанқайғының «Жер ұйық» идеясы Мәңгілік ел құрудың негізі.

Екінші, Мәңгілік Елдің Ел Тұғыры болу

Түркі халықтарының ой-таным жосыны бойнша Ел Тұғыр — мемлекеттің барлық саладағы құрлым жүйесін алып жүретін әрі Аспан Тұғыр, Жер Тұғырмен біріктіретін билік өркениетіне қаратылады. Мәңгілік Елдің Ел Тұғырын төмендегі төрт тарауға бөліп байаандалады:

Бірінші, Түркі Халықтарынң тарихи ата партиясы – Төре партиясы

Екінші, Түркі халықтарының рухы – Мәңгілік Ел рухы

Үшінші, Мәңгілік Елдің Ата Жакғысы болу

Төртінші, Мәңгілік Елдің билік өркениет тарихы болу

 

Бірінші, Түркі халықтарының тарихи ата партиясы – Төре партиясы

Мәңгілік Елдің билік құрлым жүйесін ата-бабаларымыз ертеден-ақ ашқан һам пайдаланған. Түркілердегі ең қуатты Билік Тұғырын пайдаланып, билік жүйесін қалыптастырды. Түріктер VIғасырдың орта шенінде, тегінде Алтай тауының батыс оңтүстік жерлерінде мал шаруашылығымен шұғылданған. Телелерге тән болған Ашына қауымы бас көтеріп шықты. Заманымыздың 546 жылы Ашына тайпасының жол басшысы Ашына Түмен Жұңғаря ойпатындағы Телелердің 50мыңнан артық адаммен бірлесіп өздерін Түркі деп атап, Жоржан ақсүйектеріне қарсы тұрды. Заманымыздың 552жылы Ашына Түмен әскер бастап шығып Жоржандарды қатты ойсырата жеңіп, өзін Ел Қаған деп жарялап, құдыретті Түркі хандығын құрды… Мұқан Қаған мен оның ағасы(кіші әкесі-әкесінің інісі) Естемиді (алғашында Баға Ябғұ деп аталған) Он Оқ (он жебе) фамиласының тайпасынан 100мың адамды бастап, заманымыздың 562жылының алды-артында, Жұңғар ойпаты арқылы батысқа өтіп, Іле және Талас алқабындағы «Үйсіндер жұртын» басып алуға жіберді. Заманымыздың 563-567жылдары Естеми Қаған батыс оңірдегі үлкен мемлекет Ефталитеттерді күйретіп, Сасаниларға шабуыл жасады және територясын Забылыстан (қазыргі Афғаныстанның Ғазна деген жері) мен Памир Үстіртіртіне дейін кеңейітті.  Сонымен Түркі Қағандығының териториясы «шығыста Лияухай (қазыргі Лияухы) өзенінің батыс жағалауынан бастап, батыста Каспи көліне дейінгі 5-6мың шақырымдық көлемге жетті. Заманымыздың 583жылы Түркі Қағандығы шығыс және батыс Түркі Қағандығы болып екіге бөлініп кетті.[13]

Күлтегін Құтылық (Елтерыс) Қағанның екінші ұлы, Білге Қағанның (Могилиян) туған інсі. Шешесі Білге қатұн. Жеті жасында әкесі Құтылық (680-692 жылдары билік құрған) қайтыс болады. Қаған тағына оның інісі Қапаған(696-716жылы) отырады. Күлтегін мен Білге, Қапағанның інісі Бүгүны (716 жылы) тақтан тайдырып, қағандық билікті Білге(716-734жылы) алады. Тарихи деректерге қарағанда, Күлтегіннің он жасында ер атаып алғаш көзге түскен соғысы 694жылы Жаужу және Диңжу аймақтарында болған соғыс. Осы соғыста 90мың тұтқынды қолға түсірген. Міне осыдан былай Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Тарихи деректер сол кездегі ел тауелсіздігін сақтап қалу жолында болған қырғын соғыстардың бірде-біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін аңғартады. Батыр 47жасқа жетіп қаза тапқанда, төрткүл дүниеден елшілер келіп рухына тағзым етіпті. Басына тарихын жазып ескерткіш орнатыпты[14]

Күлтегін бітіктксының I  бетіндегі мәтіні:

Жоғары да көк тәңірі

Төменде қоңыр жер жаратылғанда

екуінің арасында адам баласы жаратылды

Адам баласын билеп ата-бабам Бумын Қаған, Естеми Қаған отырды.

Олар билік етіп

Түрік халқының елдігін төрелігін ұстай білді, жетілдіре білді.

төрт тараптағылар барлығы жау болған еді, оларға найзалы әскер аттандырып

Төрт тарап барлық халықты бағындырды, барлығын тыныш етті.

 

Басы барлардың басын игізді,

Тізесі барлардың тізесін игізді.

 

Күн шығысқа Қыдырқхан – тау орманға дейін,

Күн батысқа Темір Қапанға дейін жорытқан еді.

Осы екі аралығында иесіз, биліксіз жүрген,

Көк Түркілер отырған еді.

 

Білікті Қаған еді, ұлы алып Қаған еді,

Бұйырықтары (бұйрық орындаушылары) да білікті еді, олар да алып еді.

 

Бектерде халқы да түзу еді.

Сондықтан елді осынша басқара білген еді.

Елді басқарып төрелік билік орнатты.

 

Орхон өзені сілеміндегі тасбақа тұғырлы Күлтегін мәңгі тасында өздерінің сонау Бумын Қағанның ұлы Түрік Қағанатының іргесін қалап шаңырағын көтерген мемлекет атасы екендігі һам оның Түркі Қағанаты билігінің теңселмеуі үшін аса мығым билік жүйесін жасап, Түркі халқына Төрелік билік жүргізгенін, ата-бабасының Төре билік жүйесін жетілдіргенін, бектері мен халқының Төре билігін мойындағандығын сонымен бірге Төре халыққа, мемлекетке әсер еткен үлкен күш екендігін, Төре арқылы билікті меңгергенін баяндайды. Мәңгі тастағы бұл мәтіндерден «Төре» деген  сөзді және оның аса елеулі мәнге ие тарихи атау екенін көреміз. Бұл тасбақа тұғырлы мәңгі таста Түркі Қағанаты шаңырағының шайқалып, меемлекет жоғалуға шақ қалған тұстарын былайша баян етеді:

Біліксіз Қаған болып отырған екен.

Қорқақ Қаған болып отырған екен.

Бұйрық орындаушылары да біліксіз, қорқақ екен.

Бектері және халқы да адалсыздықпен жүрді.

Қытайларға басындырып,

оларға арбалғандығы үшін,

інілі-әкелі кектксіп жауласып,

текті бек мықты халықты тоздырып,

Түрік барлық халықты бытыратып,

елін бұзып, елдігінен айырып

Қағандықты орнатқан Қағандарын жойды.

Қытайларға

Бек мықты ұлдарын құл қылды,

Сұлу қыздарын күң қылды.

 

Түрік бектері Түрік атын ұмытып,

Қытайсымақ бектер болып,

Қытай аттарын ала бастады,

Қытай патшасына бағынды,

Елу жыл қытайға ісін күшін берді, қызмет етті.

 

күн шығысқа қарай

Бөклі Қағанға дейін соғысты.

батысқа қарай

Темір Қақпаға дейін соғысты.

Қытай патшасына

Елін төрелігін билетті.

Көрші Қытай елінің жымсымалықпен аңғал сахара халықтарын арбауына түсіріп, берекесін кетіріп біріне-бірін салу арқылы күшін әлсіретіп елу жыл боданды қылған тұстарын, кейінгі елге тұтқа болатын бектері мен халқына баяндау мен бірге Қытайдың әр ісінің алдмшы опа келмейтіндігін, берекеңді кетіріп өзіңе-өзіңді жау қылып, билігіңді меңгеріп алатынын дәлелімен қатаң ескертеді. ЕЛ қадырын білмейтін білксіз бектер тізгін ұстағанда халықтың тозғандығы, өзінен әлсіз халыққа соғыссыз бағыншты болып рухының әлсірегендігін, Түркі халқының бұл тарихи қателікті мәңгілік ұмытпауын қадағалай тапсырып, билік алданса, азса мемлекеттің құрып жоғалатындығын түйіндейді.

ілгері кері соғысып жиналғаны

жеті жүз ер болды

жеті жүз ер болып

елсіреген, қағансыраған халықты

Күңденген, құлданған халықты

 

Түрік Төрелігі азып-тозған халықты,

Ата-бабамның төрелігіндей етіп жаратты, жасақтады.

 

Тәңір жарылқап

елдігін ел етіп орнатты,

Қағандықты Қаған етіп орнатты.

 

жауды басып, тыныш етті,

Тізесі барлардың тізесін бүктірді,

Басы барлардың басын игізді.

……………………………………..

Ол төреліктің үстінде атам қаған отырды.

атам қаған отырып

Түрік халықты

Барынша жақсы   жетілдірді,

Кедейді бай етті, азды коп етті,

әкем қаған отырғанда

өзім Тардұш қанат халқына Шад болған едім.

әкем Қағанмен бірлесе

 

Оңтүстікке қарай Жасыл өзен (Сары өзен- Хуанхэ) Шантұң

Жазығына дейін соғыстық,

күн батысқа қарай Темір Қақпаға дейін жорық жасадық.

 

Көгмен(саян) тауын асып Қырғыз жеріне дейін жорық             жасадық.

Барлығы жирма бес рет жорық жасадық. Он үш рет соғыстық.

 

Елдікті ел етіп орнаттық,

Қағандықты қаған етіп сайладық,

 

ол кекздерде құл құлдықта болған,

күң күңдікте болған еді.

Інісі атасын білмеуші еді,

ұлы әкесін білмеуші еді.

сонша тыныш еткен еліміз төрелігіміз бар еді.

 

Түрік оғыз бектері халқы естіңдер!

жоғары да тәңірі баспаса

Төменде жер айырлмаса

 

Түрік халқының елін, төрелігін

кім бұзар…

Түркі билігі мемлекетті қалай орнықты да қауыпсыз етуге болады деген мәселені терең зерттегенін һам оны билік тәжірибесінен өткізіп, Түрік идеялогиясына, Түркі халқына тән Төре билігін жасақтап Бумын Қағаннан жалғасқан Төре билік жүйесін қалпына келтіріп, халықты бір тудың астына жиып, жаңадан Қаған сайлап бейбіт қоғам құрғаны, ел жағдайын орнықтырып билікті бір арнаға шоғырландырып біріктіргені айтылады.

Мәңгі тастағы мәтінде мемлекеттің Төрелерге сүйенетіндігі, Төре күшейсе мемлекет күшейіп, Төре шіріктессе мемлекеттің әлсірейтіндігі, Төренің аса мығым күшке ие биліктің жан тамыры екені баса дәріптеледі. Түркі Қағанаты Торе атауын пайдаланып империя құрды. Ендеше, Төре дегеніміз не?

Осы күнге дейін тарихшыларымызбен зерттеушілеріміз «Төре» деген атауды айбарлы да даңықты Шыңғысхан әулеттеріне тән атау ретінде қарастырып келген. Шыңғысханның ұрпақтары Төре деген ең құрметті лауазыммен ел биледі, мейлі Ұлы Ұлыс (Алтын Орда) болсын, Құбылай құрған Империя болсын.

Мұңғолия Орхон өзені бойындағы Көк Түрік Қағанаты билекшілері жазып қалдырған мәңғі тастардан «Төре» деген атаудың сол заманда ел билеушілеріне ғана қолданылатын саяси-әкімшілік мағынадағы тарихи болып, Шыңғысхан дәуірінен алты жарым ғасыр бұрын Бумын қаған тұсында Төре билігі болғанын мәңі тастағы жазбалар бұлтарғысыз дәлелдейді. «төре» сөзінің түркі тілінен шыққаны даусыз. Мысалы, Күлтегіннің бітік тасындағы мәтініне назар аударсақ, «елді тұтып: төре (төрелік) етті»[15]деген сөйлемде «төрелік жасады», «билік етті» мағынасында «төре» сөзі «басқарушы», «билеуші» деген сөздерді білдіріп тұрғанын аңғарамыз. 19 ғасырдың екінші жартысында Неміс ғалымы Фридрих Антон Геллар Фон хелволт Түркі тілдеріне филологиялық зерттеу жүргізіп, «төре» деген сөздің «заң» мағынасында қолданылғанын анықтайды .[16] Сондықтан да Төре деген атаудың Түркілердің билік атауы болып, мемлекет қалыптастырудың негізгі өзегі, мемлекет ұстап тұрудың Тұғырлы күші, ұлы Түрік Империясының ең жоғары саяси-әкімшілік, әскери тізгінін ұстаған мемлекет құрушы санатындағы бір кіндіктен тараған қаракөк Түркі бектерінің тәңірден келген билікті ұстаушы ақсүйектер тобы саналады.

Күлтегін бітіктасының III қапталындағы мәтіні:

алтын, күміс, арақ, асыл заттары шексіз

Сонша беріп жатқан Қытай халқының

Сөзі сүйкімді

жібегі жұмсақ екен.

 

Сүикімді сөзімен, жұмсақ жібегімен арбап,

алыстағы халықты сонша үйір етіп тартады екен.

 

жақын қоныстанған соң

аңқау адамды өзіне сонша үйір етеді екен

игі білікті кісіні, игі алып кісіні жолаттырмайды екен

бір кісіні жаңылдырып, руына, халқына, тіпті бесігіне дейін құртып жібереді екен.

(Қытайдың) сүйкімді сөзі, жұмсақ жібегіне арбалып барлық Түркі халқы өлдің…

Дәл осы мәтіннен Түркілердің Қытайдың алдауына түскендігін баяндай келіп Қытайға мәңгі сенуге болмайтындығын, Қытайдың мақсаты Түркі халқын жойып жіберу екендігі айтылады. Түркі халқының қас жауы Қытайлар, олардан мәңгі жақсылық келмейді, қытайға сенген халық түбінде тозып жоғалатындығын қатаң түрде күллі адам баласына ескертеді. Қытайлардың асқан арамза сайқалдығын Түркі Төрелеріндей жазған жер бетінде басқа халық болмаса керек. Қысқасы, Төрелер өз міндетін ұмытып қара жемсаулыққа салынса, мемлекет қадырын білмесе, халықтың мұң-мұқтажын елеп-ескермесе, халықтың тұрмыс-тіршілігімен жұмысы болмаса мемлекеттің күйреп жоғалатынына апарып соғатындығын қатаң ескертіп, елім деп еңіреп туған ар-намысты тектілер басқарғанда мемлекеттің гүлденіп құдыреттенетіндігін, Төрелермен халқы бір тұлғаланған, Ханы мен Қарашасы бір тілек, бір ниетте болған мемлекет ғұмырының ұзақ болатындығын түсіндірген баға жетпес билік ғұмырнама құлыптасы.

Ұлы бабаларымыз қалдырған бұл мәтіндерден Төре атауының тек билеушілерге қаратылып қалмастан аса ірі биліктік жүйе — партия екендігін ұғамыз. Елдің саяси-әлеуметтік өміріне, қауыпсыздігіне, қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығына Төрелер арқылы нұсқау беріп жатқандығы аңғарылады. Демек, сол дәуірде Түркілердің Төре деп аталатын партиясы болды. партиялар әдетте мемлекет тағдырына қатысты стратегиялық шаруалармен айналысаеын саяси топ десек, Төре партиясы мүлде өзгеше болып, Оның құрлымы саяси, әкімшілік, әскери, сот, экономикалық күші бір тұлғаланған алып партия еді.

Шыңғысхан империясы мен Осыман империясы  Көк Түрік Қағанаты Төре партиясының ел басқарудағы әдістемелерін, заң-жарғыларын тіке пайдаланды. Күлтегін мәңгі тасында: «Түркі Оғыз бектері халхы естіңдер, жоғарыда тәңірі баспаса, төменде жер айырлмаса; Түркі халқының Елдігін, Төрелігін кім бұзар» деген жазбалардан оғыз бектері Түркі Қағанаты ел билеушілірінің қатарында Төре партиясына қызмет атқарғаны аңғарыбады. Егер Төре партиясындай сан ғасырлық билік тәжірибесі болмағанда Оғыз халқы Түркия топарағырда бірден империя құруы мүмкін емес еді. Оғыздар Түркілердің қара шаңырағы болған Түркі даласынан(Қазақ даласынан) тараған халық болатын. Олар ежелден келе жатқан Төре партиясының принсиптерін, заң-жарғыларын толық білетіндіктен, Төре партиясын өзек еткен билік құрлымын жсақтап 1299 жылы ұлы Осыман мемлекетінің іргетесын қалады. Сондай-ақ Азия, Африка, Европа үш құрлықыты бірдей билеген импарияға айналдырды.

Шыңғысхан(1155-1227) түркілердің жазу-сызуымен мөр-таба істету және дипломатия, төрт төңірегін бекемдеу; ақылды парасатты адамдарды пайдалану, саяси мақсаттағы құдандалық қатарлы жақтарда Түркілік жолды ұстанды. Ол қарастылығындағы Түркі халықтарының рухани күшімен Төре Партиясын ұштастырды. Төре Партиясын ұйытқы еткен билік жүйе Тұғырын қалыптастырып мемлекет билігін бекемдеді. Шыңғысхан әулетінің өздерін «Төре» деп мақтанышпен атауы және тарих бетіне қалуы сөзіміздің айқын дәлелі.

«1204 жылға дейін Моңғұлдар орда құру, орданы басқару, хат жазу, таңба мөр ұстауды білмейтін. Наймандарды жаулап алуы Моңғұлдар өзіндік мемлекетін құрып, одан ары әлемдік держава деңгейіне көтерілуінің баспалдағы болды. Осы оқиқадан бастап Моңғұлдардың мың жылдық тарихы Найман канцелериясы Тататұңға арқылы жеткен Найман жазуында жазылды. Жазуды XIV ғасырда Моңғұлдар арқылы Шүршіттер (Манчжуриялықтар) алып қолдынды. Найман жазуын Моңғұлдар қазырге дейін қолданып келеді » [17].

Шыңғысхан билігі әрқайсы салаға дарынды да таланытты адамдарды талдап істетті, әкімшілік салада болсын, әскери салада болсын дарындылар қызмет етті. төңіректің төрт бұрышынан алдырып мамандығына қарай іске қосты.  «төрт тарабымдағы халықты көп тыныштық еттім, жаусыз қылдым, көпшілігі маған бағынды»  деген Күлтегін мәңгі тасындағы Төрелер ұстанымы — Шыңғысханның дауылпаз жорығы арқылы империяның мәңгілік тұруы үшін төрт тарабын толық бойсындырып, қайталай бас көтеріп тіресетін күшті жау қалдырмаған тарихынан көрініс табады.

Шыңғысхан өзіне бағынған кейбір хандықтарға қыз беріп құдандалық орнатып айналасын хауыпсіз етуге харакет жасады. Түркі Қағанаты дәуірінде Он оқ атанған Түркештер қарсыласып Қағаны және би-бектерінен айырылғаннан кейін, ол халықты тоздырмай қыз беріп хандығын тұрғызып береді. Мұны Күлтегін мәңгі тасындағы: «Түркеш Қаған өз Түрігіміз, өз халқымыз еді, олар білмегендіктен, бізді (жау) деп жаңылғандықтан қағаны өлді. Бұйрық орындаушылыры мен бектері де өлді. Ата-бабамыз мекен еткен, билік еткен жер-су иесіз болмасын деп, аз халқын жинап… (оған) Қаған атағын сонда біз бердік. сіңлімді, ханшайымымызды біз бердік» деп жазады. Демек, Шыңғысхан да осы Түркі Төрелерінің салт-қағидаларымен жүргендігін « Шыңғысхан әскерлері жетісуға келгенде өз еркімен ел болған Арыстан ханға (Балқаш көлінің шығысындағы Қиялық қаласын билеген) Сұнақ өз қызы Алқабикені атастырды» [18] Іле алқабындағы Алмалық қаласында тұрып жетісуды билеген Қаңлы тайпасының Ұлыс бегі Тұғырыл мен оның баласы Сұнақ тегін өздерінің барлық әскерімен Шыңғысханға қосылғанда, Шыңғысхан Жошының үлкен қызы — Бикені Тегінге қосты [19] деген деректер айғақтай түседі.

Жан-тәнімді тыныш етсем,

Жамағатым жарлы болар.

Қара басты тыныш етсем,

Қағандығым сорлы болар.

Жаным-тәнім шаршағанда,

Жамағатым азбасын,

Қара басым тозсада,

Қағандығым тозбасын.[20]

төрткүл дүниені билеген ұлы Қаған Шыңғыс билігінің сыры міне осында. Бұл Алтын әріппен ойылған Төре партиясының сол замандағы басты қыбыланамасы болды.

Тағы да күлтегін мәңгі тасына назар салайық:

інім Күлтегінмен бірге сөзге бкідік,

әкеміз атамыз орнатқан

халықтың ат-атағы жоқ болмасын деп

 

Түрік халқы үшін

түнде ұйқысыз жорттым

күндіз күлкісіз жорттым.

 

інім Клтегінмен бірге

екі Шад бірлесе отырып,

өліп-тіріліп елдікті орнаттық.

 

Сонша орнатып

Біріккен халықты от-судай қас етпедік.

 

өлермен халықты тірілтіп жеткіздім

Жалаңаш тозған халықты тонды

Кедей халықты бай қылдым

аз халықты көп қылдым

ығы-жығы (абыр-сабыр) Елдікті Қағандыққа жеткіздім.

Бұл сөздермен Шыңғысханның билік идеологиясының ұп-ұқсас қабысып жатқанын, халқым жарлы болып тозбасын деп елі үшін түн ұйқысын төрт бөліп, бар өмірін мемлекетіне арнаған күрескерлік жігері мен халқының ханға қарайтындығы, Қағаны айбарлы болғанда халқының Қағанға қарап бой түзеп ұмтылытындығын, Күлтегін мен Шыңғысханның Қағанаттың омырының ұзақ болуын арман қылып, халқының мүддесін бәрінен жоғары қойғандығын байқаймыз. Бұл тек Түркі Төре партиясы мен оның мұрагері Шыңғысхан билігінің бір мүдде, бір мақсат, бір жүлге екендігін көрсетеді.

Ұлан-қайыр даланы бағындырған Шыңғысхан көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «Моңғұл атының тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар», оңтүстікке қарай Каспи мен арал теңіздеріне дейінгі жерлер берілді. Аму дәряның төменгі жағындағы аймақтар (солтүстік Хорезім) мен Сырдаря өңіріде Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталды. Шыңғысханның екінші ұлы Шағатайдың үлесіне Қашқария, Жетісу, Маураннахыр тиді. Үшінші ұлы Өгедайға батыс моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы әкесінің қарашаңырағы моңғұлияны мұраға алды. Бұл Ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (моңғұлиядағы) ұлы Қаған Шыңғысханға бағынатын болды. 1227 Жылы 25 августте Шыңғысхан жорық жолында ауырып қайтыс болды. Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейінде балалары мен немерелері соғыс жорықтараын жүргізе берді[21].

Шыңғысхан Төре партиясың рөлін арттыру әрі нағайтуда алуан түрлі саяси айла-шарғылар қолданып бекемдеді әрі  арнаға түсірді. Империяның орнықты болуын ойластырып төрт ұлы бөліп басқаратын етті.  Немере-шоберелері де атасы салып кеткен Төре билік жолымен ел басқарды. «Алтын Орда хандығы өз құрамына енген түркі тілдес тайпалармен халықтардың ежелден келе жатқан ел басқару жүйесін өзгертпей бұрынғы қалпында қалдырды »[22].

13 ғасырда Шыңғысхан құрған ұлы Моңғұл патшалығының тауелді ұлысы болған Жошы Ұлысы ұзамай-ақ өз алдына дербес мемлекетке айналды. Бұл мемлекет Қытайдың тарихи деректерінде «Қыпшақ Ордасы», шығыс деректерінде «Көк Орда», Орыс жылнамаларында «Алтын Орда» деп аталды[23].

Осы Алтын Ордадай алып мемлект Шыңғысхан салған жолмен Төре партиясынын биліктің тұғыры етті. Шыңғысхан әулеттері  төре деген мәртебелі атқа ие болды. Мемлекеттік құрлымның әрқайсы саласында лауазымды тұлғалар Төрелерден ғана жасақталды.

Шыңғысхан Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алып және олжала алған ерлерді ұлыстарға бөлу нәтижесінде Қазақтың ру-тайпалары Жошы ұлысына қосылып Алтын Орда Хандығынан кейін одан бөлініп Ақ Ордаға қарады. Алтын Орданың Көк Орданың билеушілері тек Төре әулетінен болды. Шағатай хандығының ыдырау кезінде дулаттардың Хандық құрғанында билік Дулат әміршісі Болатшының қолында еді. Алайда ол Шыңғыс ұрпағы болмағандықтан өзін «Хан» деп атай алмады. Сол себепті 1348 жылы — Шағатай әулеті Туа ханның немересі Тұғылық темірді хан көтерді [24]. Әйгілі Ақсақ темір өзін Хан деп атай алмай (Әмір Темір) деп ғана атағандығы, шығыс Шағатай хандығына Ұйғыр алты шаһарының билігіне Төреден туған жиенге «Төре» атағын беріп билік ұстатқанын Шоқан уәлиханов жазады.

Кейінгі дәуірлердегі Төре атауы Шыңғысхан ұрпақтарына тиесілі деген ұғыммен қарастырғанда Моңғұлия — Шыңғысханның мұрагерлері саналады. Ал, Қазақстан Алтын Орда Төрелерінің отаны болғандықтан тағы бір мұрагері саналары хақ. Алайда, Төре атауына, Төре партиясының тарихына алғашқы болып үңілу зерттеу арқылы тұтас Түркі халқына және моңғұлияға ортақ құндылық екені ашылды. Сондықтан да Төре партиясының мұрагерлері Түркі даласынан Моңғұл даласына дейінгі халықтарды қамтиды. адамзат тарихына қалай көз жіберсеңізде ешқандай партияның Төре партиясындай тарихыда, рухани және өміршеңдік қуаты кейінгі дәуірге сабақтастығы, тамырластығы жалғанған емес.

Енді Қазақ Хандығы дәуіріне оралсақ, Жошы ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек 1456 жылы Әбілқайыр Хандығынан іргесін бөліп Алакөл бойында хандық құрып 12 жыл күресу арқылы билік жүйесін арнаға түсіріп халықтың тілегін жүзеге асырды. Осылайша Төре партиясы ғасырдан ғасырға Қазақ Хандығының алтын тарихты билік тұғырын баянды жалғады.

Орхон өзені сілеміндегі Білге қаған ескерткішінде: «әуелі әкелері қаған болды, одан кейін інлері қаған болды. Одан соң балалары Қаған болды…» дегеніндей Қазақ Хандығының алғашқы Ханы Керей Хан болды, Керейден кейін Жәнібек Хан болды. Жәнібектен кейін Керейдің ұлы Мұрындық Хан көтерілді. Мұрындықтан кейін Жәнібектің ұлы Әдік хан болды, одан кейін Әдіктің інісі Қасым Хан көтерілді…

Қазақ хандары Төре партиясының бастамашылығымен төрт төңірегіне төңірегіне ілгерінді-кейінді табысты жорықтар жасап ірге кеңітіп отырды. Батыста Ноғай, оңтүстікте Озбек, шығыс оңтүстікте Моғолыстан, шығыста Қалмақ, солтүстікте Сібір Хандығы қатарлы елдерге соғыс жүргізді. Жемісті соғыс жүргізу Торелердің әскери саладағы ең үлкен жетістігі еді. әсіресе оңтүстіктегі қалаларға басымдарлық жасауы Қазақ Хандығы 1510 жылы Азияның билеушісі атанған Мұхамед шайбани Ханды Төрелердің жеңімпаздық рухының күшімен тас-талқан етті. Міне осыдан кейін Қасым ханның атағы және  Қазақ Хандығының даңқы төрт төңірекке мәлім болды. әйгілі Ақсақ темірдің ұрпағы Бабыр өзінің «Бабырнама» кітабында: «Қазақ халқының бұрынғы-соңғы хан-сұлтандарының ішінде Қасым хандай құдыретті әмірші болған емес. Оның үш жүз мың әскері бар еді» десе; тарихшы Мұхамед Хайдар Дулати: «Қасым хан бүкіл дәшті Қыпшаққа билік жүргізді. Оның халқының саны милионнан асатын. Шңғыстың ұлы Жошы ханнан соңғы жерде жерде бұл жұртта Қасымнан құдыретті Хан болған жоқ» [25] деген куәлік береді. Міне бұл Қасым Хан Ұлысының Орта Азияның саяси сахынасында аса құдыретті Төре партиясының жолымен жүргендігінде еді.

Қасым Хан(1511-1523) халықтың қалыптасқан әдет-ғұрып салт-санасына сәйкес мкмлекеттің ата жарғысы « Қасым Ханның қасқа жолы » аталған заңды жасақтап, мемлекеттің гүлденуімен халықпен билік арасы бір тұлғаланған дала демократиясы  қалыптасуының іргетасын қалады.

Қасымнан кейін 42 жыл ел билеген  Хақназар Хан(1538-1580) көрші елдермен «қастаспай дос болу, өзара көмектесу» ұстанымында берік болып дипломатиялық дарыны мол майталман саясаткер екендігін байқатты. Үкіметтің билігін нығайту, бытранды жағдайға түскен әкімшілік құрылымға реттеу жүргізіп дарынды Төрелерден тарта білгендіктен мемлекет қуаты арта түсті және бейбітшілік арқасында халықтың өсу көрсеткішіде жоғарылады. Шет жұрт тарихшылары: «Қазақтар мен Қырғыздардың патшасы» [26], «Қазақтар мен Ноғайлардың патшасы» [27] деп атаса атағандай болды.

Хақназардың жолын ұстаған ханның бірі Тәуекел(1586-1598) еді. Тәуекел 1582 жылы шілде айында Түркістан (Ясы) қаласының түбіндегі шайқаста Баба сұлтанды талқандап қолға түсіріп басын алды. Баласымен қосып әскер басын АбдоллаII ге тапсырды. Разы болған АбдоллаII Самарқан өлкесіндегі Афойкент уәлаятын тарту етті. Сыр дәрия алабындағы қала бекіністері — Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам, т.б. лар бұрынғысынша Қазақ хандығына қалдырылды.

Тәуекел 1598жылы Абдолла Хан қайтыс болғаннан кейін жүз мыңнан артық Қазақ әрмиясын бастап Мауреннахырға басып кіріп Ақси, Әнжан, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды. Бұхара қаласына жорық ашты. Осы соғыста Тәуекел ауыр жараланып Ташкенітте қайтыс болды. Тәуекел Ханның Абдолла мен жасасқан шартты бұзып жорық жасауы Қазақияның оңтүстігіндегі жібек жолы бойындағы маңызды қалаларды уысына алып сауда-саттық арқылы халықтың әл-ауқатын жақсартты. Түркістанның екі ғасырлық астана болу тарихы басталды. мемлекетпен халықының мұддесі үшін ұрыстың алдыңғы шебінде құрбан болуы Хан Төрелердың жеңімпаздық асқақ рухының көрінісі еді. Төрелердің жеке бас амандығын халқынан жоғары қоймаған принспті атқарғанын айғақтайды.

Тәуекелден кейін шыққан Есім хан(1598-1628) 1598 жылы Бұхара мен Самарқанның билеушісі Бақи Мұхаммед сұлтанмен бітім шарт жасасты. Бұхарамен жасасқан шарт негізінде «Ташкент қаласы атырабымен 200 жыл бойында Қазақ хандығының билігінде болды». 1598 жылы Орта Азиядағы Шайбани әулетімен Сібір хандығының ханы Көшім ханның билігі ақырласты. Қазақ хандығы құрылудан бұрынғы төрт хандыққа яғыни Әбілқайыр хандығына, Моғолыстан хандығына, Ноғай хандығына, Сібір хандығына қараған Қазақ рулары Қазақ хандығында бас қосты. Қазақ Хан-Сұлтандары Қазақ-Өзбек соғысын Қазақ елінің пайдасына шешті. Оңтүстіктегі қалаларды  өзіне  қаратып алды. Ойлаған мақсаттарын жеңімпаздық соғыспен және дипломатиялық жолменде шешіп, Қазақ хандығының ғасырлық жобасын іске асырды.

Есім Хан Қасым ханнан қалған ата заңға жаңғыртулар жасап жарғыға жаңалық енгізгендіктен ол заң кейінде «Есім Ханның Ескі жолы » деп аталды. Мұнда Қазақ Хандығы құрылысының саяси-әкімшмлік, рухани және сот істері жөніндегі негізгі заң сипатындағы төрт приынсып екендігі байқалады дейді «Қазақтың қысқаша тарихында».

Қазақ Ханы Есімнің тұсындағы ұлы оқиға 1627жылғы Қатаған қырғыны. Тұрсын Ханмен оның тіреуі болған екі арыс ел Қатағанның Мемлекетке қарсы шығып беюаз халықты аяусыз қырғандықтан, Қазақ Хан-Сұлтандары мен би-бектері ақылдасып ортақ шешімге келу арқылы екі арыс ел Қатағанды тұтасымен өлім жазасына үкім етіп, ағаш арбаның күпшегінен бойы асқан еркек кіндіктіні түгел найзаға іледі, әйел заты үлес-олжаға беріледі [28]. Қатаған қырғыны тарихымыздағы мемлекетті теңселіткен, мемлекеттің тағдырына, ұлыттың ыдырап азып-тозып жоғалуына соғатын үлкен апаттың алдын алған мемлекеттің жойылып кетуін сақтаған Төре партиясының ұлы шешімі. Дәл осы Қатаған қырғыны Қазақ хандығының ішкі тұрақтылығын сақтауда оң нәтиже берген қатаң заң арқылы атқарылған шараладың бірі.

Қазақ ордасының Ханы ӘзТәуке 35 жыл билігінде Ата Жарғыға өзгерістер енгізген саясткер. Ол «Тәукенің жеті Жарғысы» дейтін заңды жасақтады, Төре партиясының басқару жүйесін реформалай білді. Ата Жарғының әлсіз тұстарын Сұлтандар және Билермен ақылдасып толықтады, кемелдендірді. Жемісті саясатымен зор құрметке бөленіп тарихта «Әз Тәуке», «дана Тәуке» деп аталды.

18 ғасырдың алғашқы ширегінен бастап атқа қонған Абылай Хан «Ақтабан шұбырынды» болып азып-тозған халықтың басындағы қара бұлытты сейілтуші әрі құлдыраған мемлекетті қалпына келтіруші тұлға болды. Абылайдың еңбектері бір мемлекетті қайта құрып шығумен барабар болған күреске толы еді. Бұл жағында Абылай қасына жиналған Сұлтан, Төре, би-бектер, әскер басшылар мен батырлар жатқа телінген жер-суымызды азат етіп өлшеусіз үлес қосты. 1757 жылғы үлкен оқиға Қазақиямен Жұңғардың мәңгілікке соғыспау шартына Аякөзде қол қоюуы болды. Абылай хан неше ғасырға созылған бұл соғысты жеңіспен ақырластырды.

Уәли хан дәуірі  (1781-1822) Қазақ тарихындағы сыры ашылмаған қатпары қалың аса маңызды кезең. Бұл мезгілде патшалық Ресейдің Қазақ Хандығын ыдырату арқылы боданды ету саяси мақсаты жүзеге толық аспады. Абылай үш жүзден үш биді ұсыныс етіп Хан кеңестеріне, мемлекет істеріне пайдаланса; Уәли Хан сол кездегі заманның талабына сәйкес дала билерінен талдап ең ықпалды және жоғары құрметке бөленгкен тұлғалардан «Бес Адтын діңгек» лауазымын бекітіп, Төре партиясының басқару құрылымына бұрын болмаған өзгерістер енегізді әрі «кіші хан» бекіткен 300 мың атты әскер ұстаған, Қазақ Хандығын қрық жыл басқарған [29]Төре партиясы тарихындағы ең соңғы адуынды Хандардың бірі болды.

«Абылай ханның ең алып немересі, 1830 жылдарда ашық күрес жолына түскен Кенесары сұлтан бүкіл Қазақтың ұлт азаттық көтерілісінің көсеміне айналды. Қазақ Ордасының тәуелсіздігін жарялады, ежелгі ата салты бойнша, ақ киізге көтеріліп, үш алаштың Ханы сайланды… Кенесары — Қазақ Ордасының ең соңғы ханы болды[30]. Екінші мыңжылдықтағы шыңғыс Төрелері жалғастырған билік атадан балаға ұласып 1847жылы Кенесары Хан қаза болғанға дейін 641 жыл жалғасты.

21 ғасыр тарихқа қайталай көз жіберетін, адамзат тарихына қайталай баса берілетін, бұл құндылықтарды таңданып зерттейтін және пайдаланатын ғасыр. Жершары өзегіне тамыр татқан Төре партиясы бір көктесе аз болғанда жарты мың жылдан асып жығылатын тарихта бұрын-соңды болмаған құдыретті күшімен Түркі билігінің алтын діңгегі, Көк Түрік Империясынан бастау алған Шыңғысхан және Осыман Империясы адамзат билік тархындағы алтын Тәжі саналады.

Адамзаттың тарих көшіне көз жіберсеңіз Төре партиясы жасампаздық қуатқа ие әрі Түркі халқының қайсарлығын пәш еткен ұлы күш болғанын қортындылауға болады.

Арқар ұранды Төре партиясының тарихына үңілу арқылы алдыңғы екі мың жылдықтағы ең құдыретті партия екендігін тұрақтандыруымыз, Қазақстанда екі мың жылға таяу уақытты өтекеріп тамырын терең бойлатқан бұл партияның құпялықтарын ыждағатпен зерттеп, құндылықтарын кәдеге жарату арқылы үшінші мың жылдықтағы Түркі халықтарының бірігу үрдісін күшейтіп, теңдессіз рухани күшін жетілдіріп  Түркі елдеріне сай келетін кемелді партия құруымыз тотенше қажет. Себебі, Төре партиясы Түркі халықтарын және ұлан-қайыр даласын сақтап қалған, бүгініне қол жеткізген ұлы партия.

Екінші, Түркі Халықтарының рухы — Маңгілік Елдің рухы

Біздің рухымыз — бабаларымыздың ұлы даланы ат тұяғымен дүбірлекткен тарихынан басталады. Ежелгі  Сақтар, Ғұндар империясы, Ұлы Түрік Империясы, Шыңғысхан Тмпериясы, Осман Империясы бұрын-соңды болмаған жеңімпаз сахара халқының әскери саласындағы ұлы табысы әрі асқақ рухы. Арғы тегіміздің бастау көзі болған Сақтар жөнінде байырғы заман тарихшыларынің деректмелерінде көптеп кезігеді. Ежелгі Грек тарихъшысы Гередот былай дейді: «Массагеттердің әйел патшасы Томирис шайқаста Парсыларды жеңгеннен кейін жарғақ тұлыпқа қан толтырып оның ішіне Парсы патшасы Кирдың басын салып: аңсағаның қан еді, іш енді соны деп  тұлыпты дәряға лақтырған[31]. бұл соғыс ата-бабамыз Сақтардың досқа адал, дұшпанға қатал, белдескеннің белін үзіп, тізіелескеннің тізесін бүктіріп қан аңсап соғыс ашқандарға, дұшпанға, басқыншы халыққа деген қайытпас рухын көрсетіп береді.

Заманымызға дейінгі 518 жылы Парсы патшасы Дари I жеңіліске ұшырыған. Осы соғыста туылған таңғажайып оқиғалардың бірін ежелгі Грек тарихшысы полиен былай суреттейді: «Шырақ деген бір Сақ өзінің денесін пышақпен жаралап Парсыларға қашып барып, өзінің Сақ бастықтарынан қорлық-зомбылық көрген етіп көрсетеді. Шырақ өзінің руластарынан кек алатын кісі кейпіне кіріп Парсы әскерін оларға бастап барамын деп алдап адастырып сусыз шөлге апарады. Парсының басқыншы әскерлері шөлде қырылады. Ақырында Шырақ оларға: мен сендерді адастырып қырғынға ұшырыаттым, елімді аман алып қалдым, мен дегеніме жеттім, енді қолдарыңнан келгендеріңді істей беріңдер деп ерлік көрсетеді[32]. Бір Сақ сарбазының шапқыншылардан елін құтқару үшін табиғат заңдылығынан, әскери соғыс тактикасынан пайдаланып мемлекет дұшпанын амал-айламен  жеңуінің ұлы табысы және әскери  рухы.

Ұлтымыз қалыптасуының қайнар көзі болған халықтардың бірі Ғұндар қажырлы қайраты, өршілдігі, соғыста қайытпас рухымен Евразияның күн шығысынан батысына дейін үкім жүргізгені аян. Мөде Тәңірқұт (заманымыздан бұрынғы 228-174 жылдары) Шығыста Қытайлардың ұлы Қорған соғуына себепші болса, батыста Европаның басын идіріп айытқанына көндірген ұлы әмірші Еділ (Еуропа деректерінде Аттила деп аталған. шамамен 400-453 жылдары өмір сүрген) адамзат тарихында қайталанбас ұлы тұлға. Шығыста Кавказға, батыста Рейнге, терістікте Даниялық аралдарға, оңтүстікте Дунайға дейінгі ұлан-байтақ өңірді өзіне қаратқан Еділ ханды Европалықтар «әділ патша», «Құдайдың қылышы», «Тәңірдің қамшысы» деп атады. Ғасырлар бойы аңызға айналған Еділ (Аттила) бабамыздың рухы — оның заңды мұрагері Түркілердің рухының қайнар бұлағы.

Ұлан-қайыр кең өлке, асқар таулары шексізде шетсіз кең далада Түркілер төрт маусымдық көші-қонды өз өмірлерімен және соғыс тактикаларымен бірлестіре алды. Жаратылыстың заңдылығын өзгертуге болмайтындығын оған сәйкесіп жасау керектігін түсінді, ұйысты және шыңдалды. Қатал табиғат Түркі Халқының қайытпас рухы қалыптасуына себепші болды әрі Түркі халқына тән мінез сыйлады.

Еуразия даласындағы Түркі халықтары береке-бірлігі, бір ауыздылығы, Түркі мүддесін бәрінен жоғары қоюы, Түркі Төрелерінің халқына деген адалдығы, өлімді елең құрлы көрмеуі, өлім табиғи құбылыс, алайда туған жері туған халқы үшін өлу-өлу емес ар-намысын қорғау болып табылатындығын өздерінің Түркілік Рухы қылып қалыптастырған. Түркі Төрелері мемлекетіне, халқына адал болды әрі өздерінің қаһармандық Төре Рухын бүкіл әлемге әйгіледі.  Төңіректің төрт бұрышына үкім жүргізді. киіз-турылықты Түркілердің қайытпас рухы құдыретті мемлекет және империя құрудың рухани күші болды. Екінші мың жылдықта Түркі тілдес халықтар сол ата-бабасының салған жолымен бүкіл әләмді жалт қаратты. Дәл осының шындығы дүниені дүр сілкіндірген Шыңғысхан империясы мен Осман империясы барлыққа келді. көшпелі Түркілерден әскер құраған Шыңғысхан ұрпақтары мен Осыман ұрпақтары адамзат тарихындағы көшпеллерінің соғыс өнерін, олардың жеңімпаздық рухын күллі әлемге мойындатты. Мәңгі қайталанбас соғыс рухын және Түркілер рухын өшпейтін алауға айналдырды.

Керей мен Жәнібек үкім жүргізген Қазақ Хандығы әкесі Ақ Орда мен атасы Алтын Орданың батасын алғандай Алтын Орда, Ақ орданың  жасын жасады. Ұлы Ұлыс немесе Алтын Орда тарихында төрт ғасырға жетіп жығылған хандық болды. Қазақ хандары Алтын Орданың алтын жұмыртқасын жарып шыққан, Ақ Ордадай алып мемлекеттің билік құрылым жүйесін қаз-қалпында пайдаланды. Қазақ Төре рухы, Төре рухы қазақ рухы болып бір ниет бір тілекпен басталған еді.

Осы барыста Шыңғысхандай алып тұлғаның ұрпағы болған Қазақ Хандары мемлекет мүддесін бәрінен жоғары қойған қайталанбас рух-жігерімен халқына сүйеу болды. елі үшін, отаны үшін өз парыздарын даңықпен орындады. Қазақ Хандығының рухы Қасым Ханның тұсында тіпті күшейе түсті. 1510 жылғы қысқы жорықта бүкіл Азияның әміршісі болған Мұхамед шайбани ханды бір жолата талқандағаннан кейін Қазақ Ордасының күш-қуаты шар тарапқа мәлім болды. Орта ғасырлық атақты тарихшы Абдаллах пен Мұхамед пен Әли Насырұллах өздерінің «Зұбадат әл-Асар» атты кітабында: «Қасым хан бүкіл Дәшті Қыпшақтың падишахы болды, ол ұлы істер жасау үшін туған адам еді. Қасым ханның қисапсыз әскері Қазақтар мен Ноғайлардан құралған[33].

Белгілі тарихшы Махмұт бен Уәли өзінің «Бахр әл-Асырар» атты кітабында, 1504 жылдың оқиғаларын байандай келе: «Қазыр бүкіл Дәшті Қыпшақтың билігі Қасым ханға көшкен» деп жазады. Қасымның күш-қуатының артқаны сондай, ол бүкіл Мауреннахыр өңірі үшін үлкен қатер болып отыр деп бастайды.[34]

Осындай даңықты соғыстардан бастау алған хан бабаларымыздың өмірі ерлікке толы болды. 1537 жылы 27 шілде(жұма) күні төрт халықтың таң азаннан түн қараңғылығына дейін созылған, табандасқан  Қиан-кескі соғыста Қазақ-Қырғыз әскерлері түгелімен қырғынға ұшырады. Қанды ұрыста Қазақ халқының Керей мен Әз Жәнібек хан әулетінен тараған жауынгер басшылары – Тоғым Хан бастаған 37 сұлтан қаза табады. Бұлардың ішінде Тоғым Ханның тоғыз сарысы деген атпен аталған ержүрек тоғыз ұлы түгелімен кетіпті[35]. Мұнан байқарымыз Хандар, Сұлтандар, Ханзадалар соғыстың алдыңғы шебінде болып, қайтпас жігерімен, халқын сүйген жүрегімен қан кешіп сарбаздарды әсерлендіріп шаһит болуы – жапа-машақатты халқымен тең бөлісетін, тіпті алда жүретін текті туған мемлекет құрушы Төрелердің даңықты рухы еді.

Қазақ Хандығы тарихындағы Керей, Әз Жәнібек, Қасым, Хақназар, Есім, Тәуекел, Жәңгір, Әз Тәуке, Абылай, Уәли хан  қатарлы хандарымыз кемеңгерлігі мен батырлығы сай келген, қайталанбас асқақ рухымен елін-жерін қорғаудың сара жолын салып кетті.

Өзбектермен болған ғасырлық соғыстың нәтижесі Қазақтың ұпайына шешілуі, Ташкент және Сыр бойындағы қалалардың Қазақияға тәуелді болуы сол тұстағы аса елеулі табыстардың бірі еді.

Төрелер Қазақ мемлекетінің іргетасын бекемдеп отырды. Ойрат Қалмақтармен болған ғасырлық соғыстың соңғы нүктесін Абылай хан бастаған Төрелер жеңіспен ақырластырып Жұңғар хандығын  жойды. Қазақ Хандығы ақырласқанға дейін Төрелер Халқымен бірге болды, ұлы отанын жер-суын қорғады. Уали Хан дүниеден өтіп(1822), біраз жыл салып Кенесары Хан таққа отырды. Он жылдан астам Хан болған Кенесары Орыс отаршыларының зәре құтын ұшырған асқақ рухты билеуші болды.

Бүкіл әлемде жер аумағы бойынша 9 орында тұрған ұлы отанымыз Төрелердің бастамашылығында сақталып қалған қастерлі мекен. Сол бабаларымыздың рухының жемісі бүгінгі Қазақ елі. Тарихымызда Төре Хан-Сұлтандарының рухындай асқақ рух болған емес. Хан-Сұлтандарымыздың рухымен Қазақ рухын бір-бірінен айыруға болмайды. Сан ғасырдың қатпарында ыстық-суығын бастан кешіріп қалыптасқан Төре рухы — Қазақ рухы.

Егер Қазақ тарихында рухы биік текті Төрелер болмағанда мақтана алмаимыз әрі осыншама жерді қорғап қала аламс едік. Себебі, Қазақ хандығы ақырласқан күннен, Кенесары ханның үні өшкен күннен, күндей күркіреген, найзағайдың отындай жарқыраған Төрелердың бастамашылығынан айырлғаннан бастап Қазақ тарихында болмаған қырғын мен бодандық іргемізге жетіп келді, Шаңырағымызды шайқалытты. ғасырға созылған бодандық, «ақтабан-шұбырындыдан» арман жоспарды, нысаналы саяси түс алған ақырзаман басталды.

Қазақ ұлтын жойып жіберу үшін Орыстың атқарған саясаты мен жүргізген қатыгез қырғыны ғасрлар бойы қалыптасқан рухымызды мұқалта алмады. 20 ғасырдың басында Алаш зялылары атқа қонғаннан бастап Қазақ рухы көктемгі саңырауқұлақтай қайта көктеды. әлемдік ұлттық көзқарас қалыптастырып, Еуропалық деңгейде білім алып, Еуропаның аспанынан Орысқа көз тастаған Алаш Арыстары Қазаққа Орыс мадениетінің керек еместігін, ғасырлар бойы Жалғасқан адамды мұралдыққа жетелеген құндылығы бар, кемеліне келген ұлытты тауелсіз ел қылудың нақтылы харекеттеріне көшті. Бұл Орыстарды қатты шошытты. Қазақтың қаймағы болған ұлттық мемлекет құру Жолындағы Алаш зиялларын жоғалытпай, Қазақ жеріне иелік ете алмайтындығын болжап  бұл халықты жоғалтудың сан қырлы жолдарын қарастырды. Қазақ халқын жер бетінен жоюдың стратегиялық жоспарын жасады. атадан балаға жалғасқан қырғындау, жаныштаумен қоса жаппай  ашаршылық тудыру қатарлы саясаттарын Жан сала іске асырды. Алаш ардагерлерін түгелімен өлімге үкім етті. Қырғыннан аман қалып сансыраған халықтың рухани байлығы тілін, дінін, салт-сана, әдет-ғұрпын, тарихын жоғалту үшін Жер бетінде Орыс халқындай ұлы халық жоқ деген сананы сіңіріп өзіне мәңгілік бағынышты ұлыт қалыптастыруға тырысты әрі рухани мүгедек ұлытқа айналдырды. Адамзаттың ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің: «Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы» деген ұлы сөзі бар. Кеңестік жүйе Түркі халықтарын қор санаған, Орыс халқын зор санаған идеялогиялық тәрбиені сіңірді әрі бұл стратегиялық тәрбие жартылай жемісін берді.

1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Қазақ студенттері Республика басшысының Орыстан тағайындадуына байланысты ереуілге шығуы Совет одағын қатты тіксіндірді. Бұл ереуілді аяусыз жаныштаған кеңес үкіметі халқараға мүлдем керсірше жаря етті(бір топ арақкештер мен нашақорлардың заңсыз әрекеті деп ақпар жарялады) де шындық бүркемеленді. Көп өтпей 1989 жылы бүкіл Одақтық жиналыста Қазақстан ақыны Мұхтар Шаханов желтоқсан оқиғасының шындығын әлем ақпараты алдында жәйіп салды. Совет одағының басшысы Михаил Горбачев адамзат алдында Қазақ халқынан кешірім сұрауына себепші болды. Бүкіл дүниеге ядролық қаруымен айбар шеккен империя өздігінен ыдырады. 20 ғасырдың соңында Қазақ халқы дербестігін жарялады. Бұл Ұлы дала елінің рухы киесінің қайта тірлуі еді.  Ұлы дала халықтарының тарпаң табиғаттан алған қайытпас асыл рухын мәңгілік отанымыз үшін тірілтіп Мәңгілік Елдің мәңгілік рухын қалыптастыруымыз керек. Бір мемлекеттің ғылым техникасы дамып, экономикасы қанша көтерілгенімен халқының отанға деген сүйіспеншілігі болмаса бәрбір қорғап қала алмайды. Совет одағы мұның жарқын дәлелі болмақ. Біз мұнан мемлекетті қорғап қалу үшін ұлы рух болуы тотенше қажет екендігін, егер мемлекетіне деген шынайы сүйіспеншідік және сенім болмаса, әр халық өзінің терең тартқан тарихи тамырына жалғанбаса бяанды ел болып тұра алмайды.

18 ғасырдың алғашқы жартысындағы Қазақ халқын тозып кетуге дейін халге түсірген «Ақтабан-шұбырындыны» Жұңғардың зұлымдығынан, тұйықсыз шабуылдауынан туылған қасыретті заман дедік.

20 ғасырдың басынан бастап ұлттың тілі, діні, салт-дәстүрі, рухы жойылып кетуге дейін барғған дәуір Орыс отарлығы  мен арнаулы жұргізілген зұлмат саясатынан болғанын көрдік. Енді тәуәлсіз елдің 30 жылдығында неге рухымыз төмен? Не кедергі? Бұл рухымызды оятатын, рухымызды көтеретін науқанның алып барылмағандығының салдары. Рух әлсіресе ұлт әлсірейді, ұлт әлсіресе мемелекет әлсірейді. Бір ұлыттың көркейіп-гүлденуы, шегінуі бүкілдей ұлттық рухына байланысты. Ұлтын және мемлекетін сүйетін халықты қалыптастыру Мәңгілік Елде кем болса болмайтын аса маңызды рухани күш болып табылады

Үшінші, Мәңгілік елдің ата жарғысы болу

Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Мәңгілік Ел идеясын алға қойды. Олай болса Біз Ата заңымызды Мәңгілік Елге сай келетін заң нормаларын әзірлей алдық па? Ата заңды жасаудағы жаңғыртудағы мақсат не? деген келелі сұрақтар туырдайды. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласында: «Мен халқымның тағлымы мол тарихымен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», «егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды»… Елбасының осы идеясы бізге ата заңымызға үлкен өзгерістер керек екенін ұғындырады. Мәңгілік Ел құру ата заңның түп негізден нәр алып қайнасып қалыптасқан рухани күшімізді жетілдру арқылы қалыптасатындығы айқын. Бүгінгі таныммен ұзаққа бармайтынымызды, арыдағы тегімізді мәңгілік ұлтқа қалыптасу өзегі етуді нұсқады.

Түркі халықтары атамзаманнан құдыретты Ел құрып адамзат өркениетіне айрықша ықпал көрсеткен. Сондықтан да Қазақстанның Ата Жарғысы ұлы Түрік имперясы жарғыларының, Шыңғысхан имперясы жарғыларының, Қасым ханның Қасқа жолынан, Есім ханның Ескі жолынан, Әз Тәукенің Жеті Жарғысы қатарлы жарғыларды терең зерттеп, дәнін алып қауызын тастап мөралдық адамгершілік ахылақты биік ұстаған кемелді заң болуы ләзім. Ата Жарғының ұлттың өсіп-өнуіне, ұйысуына демеушілік рөл атқаратын болуы, ұлыттық құндылығымызды нәрлендіретін болуы тиіс.

Қазақ Хандарының заңдары «Жарғы» деп аталды[36]. «негізі орта ғасырларда Қыпшақ, Шағатай ұлыстарында қолданған Яарғұ заңынан алынған. Қазақша жарғы, әділдік деген ұғымды білдіреді. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл айырудан шыққан, дауды әділ тура шешкен билерді халық бұқарасы ардақтап «қара қылды қақ жарған»  деп мадақтаған. Оның екі жағының біреуіне артық жібермей дәл айыру әділдіктің мезгеуі болған. Жарғы заңының негізі міне осында»[37].

Қазақ хандығында «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім Ханның ескі жолы», Тәуке Ханның «Жеті жарғысы» деп аталатын заңдар болды. Бұл заңдар сол заманда ислам дінін тұтынатын күн шығыс пен Орта азияның бірсыпыра елдердегі феодалдық мемлекеттер мен хандықтарда жаппай қолданылып отырған ислам діннің «шариғат» заңынан мүлде басқаша болатын. Бұл Қазақ хандығының ерекше тарихи әлеуметтік экономикалық және саяси жағдайының туындысы еді[38].

«Қасым ханның қасқа жолы» бұл заңға кірген ережелер:

  1. Мүлік заңы(мал-мүлік, жер дауларын шешудің ережелері)
  2. Қылмыс заңы(кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмысына жаза)
  3. Әскери заң(қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат)
  4. Елшілік жоралары(майталмандық, шешендік, халқаралық қатынастарда сыпайлық, әдептілік)
  5. Жұртшылық заңы(шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бокеуіл, тұтқауылдардың міндеті)…[39].

«Қасым ханның қасқа жолы» бір ғасырдай атқарылған соң, тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп Есім Ханның(1645-1598) тұсында «Есім Ханның ескі жолы» деп аталған. Ел ауызында сақталған деректерге қарағанда Есім хан тұсында «қасқа жолға» қосылған жаңалық: «Хан болсын, ханға лайық заң болсын; Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын; би болсын, Би түсетін үй болсын» деген ережелер екен. Бұл Қазақ хандығы құрлысының саяси-әкімшілік, әскери, рухани және сот істері жөніндегі негізгі заң сипатындағы төрт присип екені байқалады[40].

Тәуке хан(1680-1718) тұсында «Көл төбенің басында күнде кеңес» өткізіліп, «қасқа жолдың» бұрынғы бес тарауына тағы да екі жаңа тармақ қосылды. Хандарымыз халықтың жағдайына қарай заңды толықтырып өзгертіп отырды. мұндағы жаңалық жер дауы және құн дауы туралы кемелдендіріп жазылған тараулардың айналымға түсуі болды. Жер бүкіл ұлттың жан тамыры. Жерден айырлған халық малдан айырлады, малдан айырлған халық жаннан айырлады. жер мәселесі бүгінгі Қазақстанның өзекті мәселесі. Қазақ халқы атамзаманнан осы жерін қорғау үшін қан төкті. Сансыздаған бабаларымыз шаһит болды. Осындай шетсіз де шексіз даланы бізге қалдырды. Сондықтан да бұл топырақ бүгінгілердің көзімен қаралып өлшеп пішілмеуі, сатылмауы керек. Мемлекеттің, ұлттың ғасырлар бойы өсіп-өнетін қасиетті жері байтақ даланы қорғап қалған Қазақ жұртшылығының құптауымен шешіліп отыруы шарт. Жер мәселесі ата заңда аса маңызды түйінді болып, арнаулы заң қабылдауымыздың сыры осында. Қазақтың жеті жарғысының ата заң болып халық бұқарасы мен қабысып кетуі қарастылығындағы халықтың мүддесі қорғалғандығында  болды. Сол мемлекеттің қоғамы тыныш болу үшін кемелді заң керек, Кемелді заңды билік қалыптастырады. Билеушіыі әділ болмаған мемлекеттің заңы да дұрыс атқарылмайды. Билігі әділ халықтың халқы берекелі, қоғамы орнықты, жұрыттың барлығы тең болады. осылайша мемлекеттің қамқорлығын сезінеді, отанын сүйеді, отанды қорғауды парызым деп біледі. Заң кемелді болғанымен дұрыс атқарылмаса қағаз жүзіндегі бос сөз болып қалады да мемлекет орнықтылығына хауып төнеді. Наразы халық көтеріліп билікті шайқалтады. Жаңа қоғамды жаңа билікті талап етеді. Халық шынайы қарсы болса мемлекет аударылады. Заң атқарушы органдар халықпен бір ниет бір тілекте болып біріккенде сол мемлекеттің ғұмыры ұзақ болатындығын бұрынғы Төре билігі білген әрі халықтың мүддесін алға қойып заң – жарғылар жасағандықтан, Төрелер басқарған мемлекет тарихында бірде-бір көтеріліс болған емес. Тек билікке таласқандарғана қақтығыс тудырды. Төрелер басқарған және құрған Қазақ хандығы дәуіріндегі Асанқайғы, Бұхар қатарлы әр дәуірдегі ойшыл, жыраулар Ел ағасының, ханының кемшілігін ұлы жиналыстарда ашық айтып, әділет жолынан таймауына адал қызмет көрсетті. Бұл Төрелер қабылдаған заң-жосынның төтенше әділеттілігін, бұқара мен тығыз қатынаста болып, ұлт мүддесін қорғайтн халыққа қолайлы заң жасалғандықтан қой үстіне бозторғай жұмртқалаған, демократиялы қоғам құру үшін биліктің күрес қылғанын көреміз.

Ұлы Түрік империясы, Шыңғысхан құрған империяларда қолданылған ортақ тіл-түркі тілі. Бұл тіл адамзат тарихында ең ықпалды тіл болып, Бумын қағаннан бері қарай есептегенде он ғасыр империя тілі болдды. Жошы империясының қолданғаны да Қыпшақ(көне Қазақ)Тілі болғанын тарих беттері дәлелдейді. Тіл – сол ұттың бары мен жоғы, сол халықтың ең жоғары құндылығы, баға жетпес байлығы. Теңдессіз рухани күш беретін бірлігі. Егер ғасырлар бойы қалыптасқан қасиетті тілі керекке жарамаса, онда ол ұлт жоғалатын елге айналады. Тілдің құрметтелмеуі– сол халықтың аяқ асты болып жатқандығының көрнісі. Мемлекет Ата заңының мақсаты сол елдің барлық құқығын қамтамасыздандырып, жалпы халыққа әділетті қоғам құру. Қазақстан Республикасының президенті Қасымжомарт Кемелұлы тоқаев: «тіл ұлттың Тұғыры, ұрпақтың ғұмыры. Қазақ тілі Қазақты әлемге таныта алады. Халықтың тілі  халықтың төл құжаты — мұны әрдайым есте сақтау керек. Біле білсек ұлттық хауыпсіздік ұлтты қадырлеуден басталады» деген сөзі мәңгілік Елдің төл тілі болуы аса қажет екендігін, тіл жойылса ұлт жойылатындығын, тіл әлсіресе мемлекет құрушы ұлтқа қауып төнетіндігін, оны заңмен қастамасыз етіп мемлекетке қызмет еттіру, жандандыру кезек күттірмейтіндігін ұғындырады. Қайсы халық дүниеге ықпал көрсетсе тілі де ықпал көрсетеді. «Қазақ даласының ұғымы кең, Қазақтар осыншама шетсіз ұлан-қайыр өңірде жасап, қаншалаған ғасырдан бері бұл арада көптеген ірі өзгерістер туылсада, тілінде диялектикалық айырмашылық болмауы, салт-санасында ірі парықтар сақталмауы, ата-тегі анық, шежіріесі кемелді болуы – Қазақ ұлтының елден ерекше қасиеті. Бұдан Қазақ ұлтының байырғы мәдениетті ұлт екендігін әрі өміршеңдік қуаты мығым осызаманғы ұлт екендігін байқауымызға болады [41]. Қазақ ұлтының салт-дәстүрі айқын, тілінде өңірлік парықтардың болмауы бұрынғы Ата жарғымыздағы Жеті Ата қуалау мен  оны шежіре дәстүрі арқылы заң арқылы айна қатесіз қанық білу қорғалған болатын. Қазақтарда жеті ата  ішінде қыз алыспау, ру намысын қорғау басты мақсат саналып өте ертеден бұл үрдіс ұлт деңгейіне көтерілген. Сол рудағы азаматтар жеті атасын және жеті ата тарихын білу борыш саналды. Әрбір ру жетімін, жесірін өзі қамқорлығына  алды немесе амангерлік жолмен шешіп отырды. Қарыттарды қадірлеу Қазақ қоғамындағы ең жоғары құрмет саналды. Мұның барлығы жеті ата заңының құрамындағы нормаларға жататын. Сондықтан да ел бастайтын көсемді, дау шешетін шешенді тектілігіне қарап арнаулы тәрбиеледі. Сол халықтың тарихын, әдет-ғұрпын, рухани жан дүниесін білетін тәрбиелі азаматтар билік ұстағандықтан халық пен билік арасы өте етене болды. Қазақ халқын қадым заманнан бір тұтас ұлт ретінде ұлттық бояуымен сақтап қалған ұйытқысы — Жеті Ата заңы. Жеті Ата заңы адамзат денсаулығының даму, сұрыаталу, заңдылықтарын ғасырдан-ғасырға практикадан өткізген әрі мызғымас салтқа айналдырған. Қазақ дәстүрінің биік шңы саналады. Бұл заң ұлттың бірлігін бекемдеп халықтың рухани тұтастығын кепілдендірді.  Қазақ халқының Жеті Ата заңы адамзат заң тарихындағы әлемдік классик заңдардың қатарынан орын алатын аса маңызды заң. «19 ғасырдың соңында (1883) ағылшын ғалымы Ф. Галтон алға қойған «ұрпақты жақсарту білімін» одан он неше ғасыр бұрын Қазақ халқы практикалық тұрғыдан дәлелдеп оны өз өмірлеріне қолдана білген»[42]. Мемлекет жойылғанымен ұлт жойылмаса, оның рухани дүниесі  терең тартқан тамырынан  үзілмесе ол ұлт мемлекет құрады, бас көтереді. Басты мәселе ұлтты сақтауда болмақ. Бұл сөзімізге Еврей тарихы молынан дәлел болады.

Осы ғасырдағы дамыған елдердің бірі саналатын Жапония, Корея, Түркия, Қытай қатарлы мемлекеттердің заң тарихына үңілсек, ата заң ұлтты сақтайтын, гүлдендіретін және ұлтты бүкілдей өзгертіп  жіберетін жойқын күшке екендігін көреміз.

Жапония 1868 жылғы миңжы жаңалығынан соң заң қабылдап жаппай Еуропадан үйрену, Еуропаша ұлт қалыптастыруды  заңға енгігеннен бастап Жапон халқы шетел тілін және ғұрып-әдеттерін енгізе бастайды. 15 жылдан кейін бұл заң күшінен қалдырды. Жапон ұлты жапонша өмір сүру  керектігі жазылды. Ұлт өзінің төл қасиеттерін сақтап қалды…1947 жылғы ата заңға жасалған өзгерістер жапон ұлтын адамзаттағы ұлы халықтардың біріне айналдырды. Ұлттың әдеп-ғұрыпты беріп ұстанып, әлемдік озық ғылым текниканы игеру үрдісі жапонияны тың беліске көтерді. Жапония азаматтары 12 жасқа дейін өз ұлтының тілімен, дінни сеніммен, әдет-ғұрыппен жүруді ұғындырды. 12 жасқа толғаннан кейн ғана басқа халықтың тілін үйренуге болатын заң қабылданды. Нағыз ұлттық тәрбиемен суалған жапония азаматтарды отан сүйгіштігімен салт санасын сақтай отырып, адамзаттың күш бастар серкесіне айналдырды. Корея мемлектіде ұлттық тілін, ұлттқ жазуын, ұлттық ғұрып әдеттерін сақтай отырып дамыған елердің қатарына ілінді. Кореяның және жапонияның төл жазуымен салт-санасы олардың дамуына еш кедергі келтірмегенін бүкіл адамзат біледі.

Ал түбі бір бауырларымыздың елі Түркия 1923 жылғы Осман Империясыныың ақырласып, жаңа Түркияның құрылуымен ата заңға аса зор өзгертулер енгізді. Былай қарағанда ескі жүйені талқандап жаңа жүйеге қадам қылды. Түркияның араб жазуы негізіндегі қадым жазу әліпбиі Латын графикасына көшті. «Қ», «ң» әріптері түсіп қалуымен Түрік тілі үлкен  өзгерістерге ұшырап бай да шұрайлы тілінен айырылып, жадағай тілге айналды. Еуропаға айрықша еліктеуден ұлттық құндылықтар қырыуар өзгеріске ұшырады.

Көрші Қытай мемлекетінде Дэн Сияупин батылда ұлы қадамға барып Маузедунның мемлекет құрудағы күрескерлігін және еңбектерін жоғары бағалап, мемлекеттің ішкі өндірісі мен экономиканы мешеу күйде ұстап «Мәдениет Зор Төңкерісін» жүргізіп мемлекетті гүлдендіретін құдыретті ұлт идеясын алып шыққан рухы биік отаншыл  ардагерлерді қуғындап және өлтіріп, мемлекет эономикасы туралап, мемлекет құрып жоғалудың аз-ақ алдында тұрған шақта мемлекет құрылғанына 29 жыл толғанда (1978) Дың цияупиң партияның 11 кезекті 3 жалпы жиналысын өткізіп Ата заңды жаңалап, мемлекеттің ішкі-сыртқы саясаттарына реформа жүргізді. Сол арқылы ішкі -сыртқы бұғауларды алып тастаған Қытайлар аш-жалаңаш халықтан 21 ғасырдағы экономикасы тасыған құдыретті елге айналды. Біз Қытайдың осы басқан қадамынан ғибырат алып, ішкі өндірске серпім беріп, ішкі өндірісті дамытатын заң нормаларын қабылдап оны ұлттық құндылықтарымызбен қатар алып жүруіміз төтенше қажет.

Тәуелсіздік алғанына 30 жыл болған Қазақстан батыстың ұлтсыздандыру идеясына батыл тосқауыл қойғандағана Мәңгілік Елдің мәңгілік ұлтының алтын ғасырын жасап, «Жеті Ата заңы» мен «Шежірелік дәстүрді» Ата заңға енгізу арқылы ғасырлық бодандық арқылы жабысқан ұлтқа зиянды барлық кінараттарды тазалап, Қазақ ұлтын қайырымды, адамгершілікті, рухани дүниесі бай, білімді, өнерлі, бір алланы мойындаған, адамзатқа адамгершіліктің нұрын шашатын ертеңгі Мәңгілік Ел халқынан ғибырат алатындай кемелді ұлт етіп қалыптастыру үшін халық мүддесімен мемлекет мүддесін тоғызтыратын ата заң болу керек.

Төртінші, Мәңгілік Елдің билік өркениет тарихы болу

Түркі халықтары ең коп таралған әрі мекендеген аймақ Еуразия даласы. «Еуразия даласы — шығысы Һинган тауларынан басталып, батысы Дунай өзеніне тірелетін, солтүстік ендік 38-55 градус аралығындағы Алтай тауын орталық етіп, шығыс және батыс бөлекке бөлінетін, ұзыны он мың, ені бес  мың шақырымнан асатын жанға жайлі, шұрайлы алқап. Бұл ғылымда адамзат және адамзат мәдениеті пайда болған өңірлердің  бірі саналады» [43].  Дәл осы мекенде Орта  Азияны өз ішіне алған адамзат тарихындағы құдыретті де мәдениетті империялар өмір сүрді. Сақтар, Ғұндар, Қаңлылар ежелгі мәдениет жаратушы және таратушы империя тұғырын осы өңірде құрып тарихқа ықпал етті. Осы топырақта шоқтықты өркениеттер пайда болды, жер жүзіне таралды. адамзат өркениетінде дәуір бөлгіш төңкеріс әкелген жылқының қолға үйретілуі,  арбаның тапқырлануы, ежелгі Ер Тоқым, үзеңгі, Сақ Алтын Адамы, Есік  жазуы – бұл өркениет іздерінің археологиялық айғақтары Қазақ жерінің адамзат өркениетінің ошағы болғанын бұлтарғысыз дәлелдеді Қазақ даласы ежелгі өркениеттің ошағы болумен бірге ежелгі билігіңде төркіні және мекені екендігін Сақ Алтын  адамынан көреміз. Әлемдегі ең жоғары биліктің  симовлы болған Алтын адамның алтын тәжінің ең ұшар басына орналасқан алтын арқар көшпелілер билік тарихының Сақ дәуірінен келе жаеқан ұлы билік Тұғырының нышаны әлмисақтан жалғасқан  «арқар ұранды  Төрені» еске салады. Түркі даласы материктік империялардың билік Тұғырын осы өңірде қалыптастырды. Сақтар мемлекеті, Мөде құрған Ғұндар империясы,  Еділ(Аттила) империясы, ұлы Түрік империясы, Шыңғысхан империясы, Осман империясының өзегі  көшпелілердің яғни Түркі халықтарының адамзат билік Тұғырына алып келген биліктік өркениет екендігін тұрақтандыра аламыз.

Еураяия даласындағы Түркі халқының қара шаңырағында яғни жер ұйығында сүйекті мәдениет таратқан әлемге танымал болған ұлыстар мен тайпалар түгелдей өз есімімен Қазақ халқының құрамында сақтаулы. Қазақ ұлты ежелгі өркениет жаратқан ұлт-ұлыстардан құрам тапқан. Түркі өркениетінің, мәдениетінің, тарихының, археологиясының алтын бесігі Қазақ даласының- мұндағы жасаған Қазақ халқы ның тамырының тереңде болуы міне осыған байланысты. Түп төркініміз болған Сақтар, Ғұндар, Қаңлылар, Үйсіндер,  Түркілер және одан кейінгі Қазар хандығы, Түркеш хандығы,  Қараханилер қағанаты, Қыпшақ хандығы, Найман мемлекеті, керей хандығы, алшын қатарлы ұлыстардың, хандықтардың, тайпалардың Қазақ жеріндегі тарихы — Мәңгілік Елдің төл тарихы саналады. Қазақ халқының құрамына енген ұлыстармен тайпалардың тарихы қанша ұзақ болса, біздің тарихымызда сонша ұзақ  болады. Қазақты құраған бұл ұлыс тайпалардың өз алдына мемлекеті, жазу-сызуы, мәдениеті әлемге әйгілі болды.

Ұлы Түрік  қағанаты(552-745ж) бірінші мың жылдықтағы аса құдыретті империя болды. Батыста Каспий теңізінен шығыста Лияухай теңізіне, оңтүстігі Тибет қыраттарына, солтүстікте Балқаш көліне дейінгі ұлан-байтақ өңірде билік құрды. Орхон өзені бойындағы екі ұлы көсем  Күлтегін мен  Білге қағанның ескерткішінің тағанына алып тасбақа тұғыны қойылған. Дәл осы тасбақаның үстіндегі мәңгі таста ел құрушылардың ата-бабасының шежірелік билік ткрихы айбынды ел құрғандығының  тарихи шежіресін, биліктің мәнін, мемлекет құрушылардың тегін, Түркі қағанатының Төре билік тарихын баяндаған. Адамзат билігінің сыры болған Төре билік өркениетінің мәңгілік Ел құру, халыққа бақыт жарату үшін керек екендігін жазып қалдырған Төре билігінің алып тасбақа тұғырлы мәңгі тасы. Түркі билігі  Мәңгілік Ел құруды терең зерттегенін Күлтегін мәңгі тасындағы: «… Үтікен тауында отырсаң Мәңгі Ел ұстап отырушы ең» деген мәтіннен байқаймыз.  Бумын қаған Төре билік   жүйесін өзек етіп  халықты бір тудың астына жиып мемлекет үшін күресетін, ел жағдайын орнықтырып бір арнаға түсіретін Төре партиясын құрды. Бұл түркі халқының адамзат билігіне әкелген реформасы. Биліктің сырын ашу арқылы Түркілер құдыретті өміршеңдік қуаты бар Төре билік жүйесін қалады. кейінгі Түркі империяларымен мемлекеттеріне биліктің даңғыл жылын салып берді. Осыдан 1400жылдың алдында Евразияның батысынан шығысына дейінгі аймақтар бір тұтас Төре билігіне бағынды. Уақыттың жылжуына сай Түркі билігі көптеген мемлекеттерді отаулап шығарды. Түркеш қағанаты(704-766), Қарлық қағанаты(766-940), Оғыз мемлекеті(9-10ғасырлар аралығы), Қарахан мемлекеті(10-12 ғасырлар аралығы), Селжүк сұлтандығы(11-12 ғасырлар аралығы), Қимақ хандығы(11-13 ғасырлар аралығы), Қыпшақ хандығы(11-13 ғасырлар аралығы), Найман мемлекеті(11-13 ғасырлар аралығы), керей хандығы(9-12 ғасырлар аралығы)… мемлекеттер мен хандықтар 13 ғасырдың басынан бастап Шыңғысхан империясының құрамына ілгерінді-кейінді қосылды.

Күлтегін, Бумын қаған ескерткіштерінің тағанына алып тасбақа ойылып қойылған. Тасбақаның билікке қатысы қандай сыры бар? Тасбақаны төтем ету ұлы Түрік  империясы, ұлы Шыңғысхан империясы мен ұлы Осман империясының билігіне қандай байланысы бар? Тасбақаның қасиеті мен ерекшелігіне көп үңілген ғалымдар, тасбақа -ақылдың, ойшылдықтың, сабырлылықтың, даналылықтың, мызғымастықтың, мәңгілік биліктің симовлы болған деп қарайды. Ресей Қалмақия  тарихшысы  Сулдэ: «Моңғұлияға, Шыңғыс ұрпақтарына тасбақа мәңгіліктің симовлы болған»[43] десе; «Түркияның әскери әдебиеті» туралы толғанған Швейцариялық Шоувенди: Осыман империясындағы тасбақаны симовл ету – тасбақаның тек алға жылжуына, арытқа немесе оң-солға толқуына болмайтындығына қаратылған [44]. Айдаһар, тасбақа, жылан сияқты бейнелер бедерленген Ою — жалпы империялық гералдикалық символ болып табылады.

Түркі Төрелері құрған Осман империясы (1299-1923) үзіліссіз 624 жыл дәурендеді. Осыман империясы да тасбақаны биліктің сиволы етті. өздері өндірген алтын-күміс жармақтарына тасбақаның суретін ойдырды. Шыңғысхан империясы мен Осыман империясының тасбақаны символ етуі Түркі Төре билігінің жалғасқан Мәңгілік ел құрудың символы. Түркі Төре партиясының бір жол бір жүлге қалыптастырған империялық биліктің құпиасы еді.

Шыңғысхан империясы – Шыңғысханнан бастау алып Алтын Орда, Ақ Орда, Қазақ хандығы болып жалғасып(1206-1847) Қазақ топырағында 641 жыл өмір сүрді. түсінікті болу үшін Шыңғысхан ұрпақтарының ата шежіресін таратамыз: Шыңғысхан — Жошы — Тоқай — Темір — Өз темір — Қожа — Бәдіқұл — Орыс хан; Орыс ханның үлкен ұлы Тоқтақиядан — Болат —  Керей хан – Орыс ханның үшінші ұлы Құйыршықтан —  Барақ хан — Жәнібек хан; Бұрындық хан(Керейдің ұлы); Әдік хан(Әз Жәнібектің ұлы) — Қасым хан — Мамаш хан — Таһир хан — Тоғым хан — Ахмет хан — Бұйдаш хан — Хақназар хан — Шығай хан — Тәуекел хан — Есім хан — Жәңгір хан — Тәуке хан — Қайып хан — Әбілқайыр хан — Абылай хан — Уәли хан — Кенесары ханға дейін Шыңғысханның бел ұрпақтары тізгін ұстап Төре билігі ғасырлар бойы Қазақ даласында жалғасты әрі Қазақ Төре билігі Шыңғысхан Төре билігінің ең соңғы заңды мұрагерлері екендігін дәлелдеді. Екі империяның(Шыңғысхан, Осыман) іргетасын қалап жалғастырғандар ұлы түрік империясы жолымен жүріп ерекше өміршеңдігін әйгіледі. заманымыздың 552 жылынан бастау алған Төре партиясы Осыман империясында жалғасымын тауып Түркия топырағында 1923 жылға дейін, Шыңғысханның ұрпақтары арқылы ұласып Қазақ топырағында 1847 жылға дейін үзіліссіз жалғасты.

Түркі Төре билігі — түркі тарихын, мәдениетін, сауда мәдениетін, ақша мәдениетін, қала мәдениетін, тіл мәдениетін, жазу-сызу мәдениетін, заң-жарғыларын, әсемөнерін, төтем мәдениетін, салт-дәстүр мәдениетін, Астрономия мәдениетін, дінни наным — сенім мәдениетін, карта мәдениетін, өзен-су мәдениетін, әскерт әстер мәдениетін, елшілік жоралғысын(дипломатия) қалыптастырып адамзат өркениетіне аса зор қозғаушы күш болды. Төре билігі өміршеңдік қуатымен ғасырдан ғасырға, бірінші мыңжылдықтан екінші мыңжылдыққа жетті. Осылайша әлемдік билік жүйесі кемелденіп дами түсті. Шыңғысхан және Осыман империясы теңдессіз күшке ие билік өркениетін асқақтатты. алты ғасырдан аса салтанат құрған материктік империя Тұғырының арқауы болған адамзат билік тарихындағы Алтын Шаңырақ — Төрелер Билік өркентетін жаратты.

 

Мәңгілік Елдің Аспан Тұғыры болу

 

Мәңгілік Ел құрамын дейтін мемлекет алдымен әскери саланы, қрғаныс саласын әлемдік өреге көтеруі тиіс.

Адамзат баласы жаралғаннан бері табиғаттың тылсым күшін түсінуге ұмтылып, сырын ашуға ізденс жасады. Адам баласына жүмбақ болған аспан Тұғыр(ғарыш әлемі) жөніндегі ізденісі тоқтаған емес. ежелгі бабаларымыз Евразия мен орта азия төсінде өмір сүрді. олар алғашқы мәдениетті жаратып әрі оны дүнтеге таратқанын бүгіргі ғылым мойындайды. «адамзаттың жазбаға түсе бастаған тарихы 6000 жылға барады. осы 6000 жылдық мәдениет тарихының, алдыңғы 3000 жылында таяу Орта Шығыс пен Орта Азия мәдениетінің ошағы болып келген. Осы өңір ұлттар пен ұлыстардың тоғысқан, мәдениеттің сан қайнап сапырылысқан өңірі. дәл осы өңірде адамзат алғашқы егіншілікті, алғашқы мал шаруашылығын, ат мәну мен арба жасауды, қолөнерді, заңды, үкіметті, астрономияны, математиканы, жазуды, мектепті, күй мен күй аспаптарын, қола қортуды, т.б. мәдениеттерді жаратты»[45].

Қазақтың аспан мен жер жаралуы және өзгерісі жөніндегі мифтік аңыздарында былай делінген: «Аспан мен Жер алғаш жаралған кезде тым кішкентай болған екен. ол кезде кұллі дүние қара түнек тұман ішінде тұрыпты. Кейін келе ұзақ замандардың өтуімен жер мен аспан бірте-бірте үлкейіп бұлардың арасынан күн мен ай пайда болыпты, қараңғы мен жарық айрылып шығыпты. Ең соңында адамзат пен жан-жануарлардың тіршілігі жаралыпты»[46]. Мысалы: Еуропаның таяу заманғы филосопия тарихындағы клссик неміс философиясының негізін салушы Кант өзінің « әлем тарихы дамуына жалпы шолу» деген шығармасында күн жүйесінің түп төркіні – буалдыр шоғырмақ деген межесін алға қойып қазыргі аспан денелері үйріліп жүретін буалдыр шоғырмақтың біртіндеп өзгеруінен пайда болған деген ғылми тұжырымды алға қойған[47]. Қазақтың дүниенің жаралуы жөніндегі болжамы неміс философы Канттың күн жүйесінің түп төркіні жөніндегі ғылми болжамымен ұқсас болып жаратылыстық дүниенің қозғалыс негізінің бір екендігі, Қазақтың жер жаралу алдында қара түнек тұман екен деуі Еуропа ойшылдарының ғылми болжамымен бірдей шығуы – Қазақ Аспан Тұғыр ғылымы жаратылыс әлемінің пайда болу сырын және заңдылығын өте ертеде дұрыс болжағанын байқаймыз.

Қазақ халқы «жерді көк өгіз көтеріп тұрады» деген мифтік аңыз шығарған. жер көтерген Көк Өгіз «Қазақ арасында жер жұмыртқадай ол өгіздің мүйізіне қойылған. Бір мүйізі талғанда көк өгіз екінші мүйізіне ауыстырады, сол кезде жер сілкінеді[48]. Жер шарын көтеріп тұрған ол қандай өгіз? Ол жер шарын қалай көтеріп тұрады? ежелгі Түркілердің сенімінде көк аспан – көк тәңірі, Өгіз(бұқа) алып құдыретті күш. Олай болғанда жер шарын көк өгіздің(алып құдыретті күштің) арқасында өзін-өзі көтеріп әлем тепе-теңдігін сақтап тұр деген мағына шығады. Бұл Түркілердің ғаламның тартылыс күш баламасы ретінде өгізді алғанын көреміз. «Айтылмыш аңыздардың пайымдауынша жасаған тәңірдің жерді арқалаған көк өгіз бейне кәдімгі көш көлігі болып жүрген өгіздер сияқты кәртейе береді. Замандардың заманында көк өгіз әбден кәртейіп күш-қуатынан айырылып ажалға тап болады. Көтеріп тұрған көлігінен айырылған жер жаһан зауалға ұшырйды. Тау қаңбақтай, тасы бұршақтай ұшып, жер көкке шығып, көк жерге түсіп, қиамет зілзалла туылып заманақыр болады. бұ дүние құрып, о дүние басталады деп аңыз етеді»[48]. Осы екі аңыздан білуге болады, Көк Өгіз(Бұқа)  —  әлемнің тартылыс заңының жүйесі екндігін, көк өгіз ажалға тап болғанда жер шарының тартылыс күші бұзылып, тепе-теңдіктен айырылып ақыр заман болатындығы, аспан әлемінің, жер шарының бір құдыретті күшке бағынып тұратындығын, Аспан Тұғыр ғылымы бойынша көк өгіз алып құдырыетті күш деп жер шарының тартылыс заңын байқаған Түркі халқы сырын ашқан әлемнің тартылыс заңының ең алғашқы теориясы саналады.

Ежелгі Қазақ мифтерінде: «Біздер өмір сүріп жатқан әлем тоқсан тоғыз әлемнің ішіндегі кішісі және ең төменгісі болып табылады. Ол қара тенгере(қара аспан) деп аталады» [49] десе; әйгілі «Қорқыт» дастанында Қорқыттың туылуына қатысты:

Қорқыт туар кезінде, қара аспанды су алған,

Ол туарда ел қорқып, туылған соң уанған… деген жыр жолдарынан мың жылдың алдында Түркілердің Аспан Тұғыр ғылымын қалыптастырып болғандығы, сақтар заманында жер шары планетасының орнын және атын тұрақеандырыпқры «қара аспан» деп атаған теориясы кейінгі клссикалық шығарма Қорқыт дастанында көрініс табады. көшпелі халықтардың Аспан Түғыр ғылымындағы бұл құбылысты ең алдымен бйқап табысты зерттегендігінің қомақты нәтижесі еді. адамзаттың дүние танымы Аспан Тұғыр ғылымын түсінумен оны білу алғашқы егіншілікпен шұғылдынудың негізі болды. егіншілікпен шұғылдану үшін ауарайын білу қажет. Қай кезде тұқым себу, қай кезде баптау, қай мезгілде жинастыру жұмыстары түгелімен аспан әлеміне қатысты болды да оны бәлмеген адамдар егіншілік апаттарға жолығып ашаршылыққа ұшырады.алыс жолға сапардлау немесе сауда-саттықпен айшылық жолға сапарлаған саудагер мен жолаушы Аспан Тұғыр ғылымынан сауатты болуы керек болды. Мысалы, темір қазық жұлдызын бетке алса ыолтүстікке баратындығын білді.адамдар күннің шығуы мен батуы, аспан шырақтарының заңдылығына бағынып жұмыс атқарды. Көшпелілер көші-қоны аспан шырақтарынсыз әске аспады, халық ішінен шыққан Есепшілерге(астроном) жүгінді. Ғасырлардың жылжуымен жинақталған мұндай тәжірибе сабақтар Аспан Тұғыр ғылымының алғашқы тағанын қалады және қалыптастрды. Аспан тұғыр ғылымын зер сала зерттеп күнделікті тұрмыс-тіршіліктеріне біріктіркмен алғашқы адамдардың мәдениетке көшуі Аспан Тұғыр білімін міңгіеруден басталды. Бір ауыз сөзбен айытқанда көші-қон, ұлы таулардан, өзендерден, шексізде шетсіз жазықтардан, құм шөлейіттерден өту; қысқы боран-шашын, айсыз қараңғыда бағдардан жазбау, климат құбылыстары, бағыт-бағдарын аспан әлеміне — күннің шығуы мен батуы, құсжолы, айдың өзгерістері, темір қазық, жеті қарақшы, үш арқар, таңшолпан, есекқырған, сүмбіле, үркер қатарлы аспан шырақтарына қарап парықтаған және жұлдыз есептері бойынша күншілік, айшылық жолдарды дүрыс бағдарлап нысанаға жеткен. көктемгі-күзгі егістік жұмыстары, төрт түлік малдың тіршілігі, төрт маусым көшіп жүру — табиғат дүниесінің аспан әлемі сырларын игерумен ұштастырылды.

Адамзаттың ең алғашқы өркениетке қадам басуы Аспан тұғыр ғылымын тану және толық меңгеруден басталды. адамдардың қажырлы ізденісі бұл ғылымды үздіксіз дамыта түсті. ұлы дала көшпелілері аспан әлемі білімін күнделікті өмірі мен әскери салада толық пайдаланды. ежелгі Қытай деректерінде « Ғұндар аспан шырақтарына қарап әрекеттенеді, ай толса шабуылға өтіп, ай қораланса шегінеді [50] деп жазады. Мұнан Ғұндардың қай кезде соғыс жүргізуді және нәтижелі болу-болмауын аспан әлеміне байланысты қарастырғанын көреміз.

Ғылым мен білімнің ұстазы атанған ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби (870-950): «Әлем түпсіз бостық. Жаратылыс негізін құраушы барлық заттың тегі – сәуле, сәуледен пайда болмайтын нәрсе жоқ. Жердің өзі әлем бостығындағы бір нүкте ғана. Адам рухы – әлемді шолған ғажайып құбылыс» [51] деп Аспан Тұғыр ғылымы жөніндегі әйгілі теориясын жазады. Ертеде Аспан Тұғыр ғылымын йгерген бабаларымыз Сақтар, Ғұндар, Түркілер Еуeразияның шетсізде шексіз даласын меңгере алды әрі жемісті соғыс жүргізді. Әлемнің жартысын алақанына алған Шыңғысхан көшпеллердің жолымен жүріп сығыс қозғады. Ұлы бабалары амірін жүргізген ұлы даланы меңгерді. Шыңғыстың ұрпақтары ғылымның дамуына, Аспан Тұғыр Ғылымының дамуына сүбелі еңбектер сіңірді. Шыңғысханның немересі Құбылай хан Бірлік Ұлысты (Юан империясы) құрғаннан кейін әскери саланы және Аспан Тұғыр ғылымын дамытты. «Юан патшалығы тарихында» жазылуынша Құбрлай хан таққа отырардың аз алдында (Құбылай 1260-1295 жылдары аралығында хан болған) Жамалддин бастаған бір топ мұсылман астрономдары (сол кездегі моңғұл хандығының  астанасы Шандұңға(қазыргі ішкі моңғұлдың долон ауданының оңтүстігі) шақырылады. Құбрлай хан олардың білім өрерлерін пайдалану туралы жарлық түсіреді. Оларға ешқандай мәнсап берілмейді. Жамалдин ханбалыққа астрономиалық бақылау орнын құрды. 1267 жылы жеті түрлі бақылау құрылғысын жасады… бұл туралы ғылым тарихшсы Мажан «мұсылман астрономиясының Қытай астрономиясына ықпалы» атты еңбегінде: «бұндай таңғажайып тамаша аспаптардың Қытай астрономдарының аспан денелеін, ауарайын бақылауда керемет қолғабысы болғандығын ешкім теріске шығара алмады» деп жазады[52]. Ал, әйгілі әмірші ақсақ Темірдің немересі Ұлықбек 1420 жылдары Самарқанд қаласына салдырған обсерваториясы мұсылман әлеміндегі ең үздік обсерваториялардың бірі еді…

Шыңғысханнан бастау алған дала империясы 1206 жылдан 1847 жылға дейін Қазақ даласында өмір сүрді. әлемді жалт қаратқан соғыс өркениетін жаратты. Заман өзгерді, бүкіл әлем от қарудың дәуіріне қадам қойды. Отты қаруды йгерген ұлттар әскери салада ырықтылыққа өтті. Орта Аяия көшпеллері тарихында бодандық басталды. 100 жылдан артық уақыт басқаларға тәуелді күй кештік.

Адамзаттың ғарыштық дәуірі 1957 жылы Байқоңырдан алғаш рет жасанды жер серігін ұшыруымен баталды. Екінші ғарыштық дәуірі адам баласының (Юри Гагарин) байқоңырдан тұңғыш рет 1962 жылы 12 сәуірде ғарышқа сәтті ұшуы болды. Үшінші тарихи дәуір 1969 жылы шілденің 16 күнінен 24 күндері аралығында (Нил Армстрог, Едвин олдрин, маикл коллинз) ғарышкерлердің айға сапары еді. Ал бір сыпыра елдерде (КСРО-да 1957 жылдан, АҚШ-та  1958 жылдан, Францияда 1965 жылдан, Жапония мен Қытайда 1970 жылдан, Ұлыбританияда 1971 жылдан, Үндістанда 1980 жылдан) жасалып пайдаланылып келеді. 1957 жылдың 4 қазаны мен 2000 жылдың 9 ақпаны аралығында Қазақстанның Байқоңыр ғарыш алаңынан 1147 ракета тасығыштар, 1186 ғарыштық аппараттар ұшырылды[53]. Түңғыш жер серігі де, түңғыш ай шарына шығу сынды аса ірі тарихи оқиға Совет Одағы тұсында Қазақ топырағында басталды.

Орта Азияның Түркі халықтары үшінші мыңжылдықтың қарсаңында тәуелсіздігін алды. Жаңа ғасырда әскери күшін құдыреттендіру, тегеурінді әскери құрлым жасақтауға кірісті. Міне соның айғағындай мың жылдан бері ешкімге боданды болып көрмеген Түркі халықтарының әскери өркениетінің алтын тәжі құдыретті Түрік елі үшінші мыңжылдықтың әскери Аспан тұғыр соғысын бастап Әзербайжан мен Арменияның таулы Қарабақ қақтығысында бүкіл дүниені жалт қаратты. Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоғанның айырықша көңіл бөліп тапсыруымен зерттеліп жасалған «селжүк байрақтары» арқылы адамзат әскери саласына төңкеріс әкелді. Осызаманғы ғылым-техниканы Аспан Тұғыр ғылымымен сәтті бірлестірген Түркия күллі Түркі халықтарының рухын оятты. Бір ғасырдан артық уақыт озық соғыс құралдары саналатын зеңбірек, танкі, сауытты машина қатарлылардың дәуірі өткендігін бүкіл әлемге мойындатты.

Аспан тұғыр ғылымы адамзат өмірінен қол үзіп көрген жоқ. Түркі халықтары бұл ғылымды ертеден зерттеген әрі өздерінің тіршілігімен қабыстыра білген. Ғасырлардың жылжуымен Аспан Тұғыр адамзат баласына әлемнің сырын ашумен бірге оның жолын көрсетіп берді. Аспан Тұғыр ғылымы тоқтаусыз даму арқылы әскери саламен бірккен ғарыштық соғыс жүйесін қалыптастырды. Мұнда түркі даласы жердің Есігі(кіндігі), Қара аспанның Есігі болудай аса маңызды стратегиялық орнынан ұтымды пайдаланса ғарыштық бәсекелестікке төтеп бере алады. Қазақстанның Байқоңыр ғарыш алаңы Аспан Тұғыр ғылымын дамытуда жер беіндегі ең қолайлы айлақ. Аспан есігі мен жердің есігі орналасқан мекен. Бұл болашақтағы Түркі халықтарының ғарыш зерттеуіне,  жетілдіруіне, дамытуына аса ыңғайлы.

Бұл ғылым адамзат ақпаратының, осы заманғы ғылым-техниканың жүрегіне айналды. Бұл ғылымды кім меңгерсе сол дүниенің қожасы болатын, ендігі ғасыр Аспан тұғыр ғылымының ғасыры екенін, ғарыштық текетірес пен ғарыштық ақпараттық сайыстардың ғасыры екенін дәлелдеді. Аспан Тұғыр ғылымы Мәңгілік Елдің ең маңызды санайтын болашағын белгілейтін ғылым. Бұл ғылымдағы өзге елдерге болған тәуелділікті жойып Жер Тұғыры әбзалдылығымыздан ұтымды пайдаланып  Түркі мемлекеттерінің ғарыш істеріне селбестігін арттыру, бірккен ақпараттық, бірккен әскери жйені жылдам құрып шығуымыз керек. Бұл дегенің Мәңгілік Елдің аспан тұғыр Ғылымын Ел Тұғыр немесе билік ғана Жер Тұғырымен тоғыстырып жұзеге асырады.

Қортынды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәңгілік Ел идеясы 21ғасырдың билік тарихындағы ірі идеялардың бірі. Мәңгілік ел құру үшін өіздің билік тарихымыздың тегі-төркіні болған Түркі халқының Бумын қағаннан бастау алған Көк Түрік заманында Күлтегін тасбақа Тұғырлы Мәңгі тасына жазып қалдырған: «Үтікенде отырсаң Мәңгілік ел құрушы ең…» деген мәтіннен Мәңгілік Ел құру идеясы аса ертеде назар аударылған қоламталы мәселе болғаны белгілі.

Түркі Оғыз бектері естіңдер,

Аспанда көк тәңірі баспаса,

Астында қара жер айырлмаса,

Түркі Төрелігін кім бұзар…

Биліктің тәңірден келетіндігін, Түркі билігі әділетті болмағанда халықтың қарсылығына, тәңірдің(алланың) қаһарына ұшырап елдіктен айырлатындығы; Түркі билігі берекелі болғанда тәңірден басқа күштің жеңе алмайтындығын, бұл биліктің Түркілерге берген алланың сыйы болып ақыр заманға дейін Түркі бтлігін ұстауға болатындығын, хақ жолынан таймауды ескертіп сырын ашқан. Түркі заманында Мәңгілік ел құру идеясы ұлы ойшылдарымыздың идеясынан қағыс қалмаған. Адамзаттың ұлы ойшылдарының бәрі, Түркі халқының ақыл-парасатының жауһары Сақтардан жеткен «қара аспан» Аспан тұғыр назариясын жалғастырушы Қорқыт өз ел-жүртының ауыр халін көріп, одан елді құтқаруды, міңгі өлмейтін өмірді іздеп төңіректің төрт бұрышын кезеді. Ақырында «сынбас темір жоқ», «өлмес өмір жоқ» [54] өлмейтін өмір халықтың өмірі, адам ұрпағымен мың жасайды деп Түркі халқын өлтірмейтін Мәңгілік Елдің тұрақты мекенін, халқы бақытты ғұмыр кешетін өмірді іздеген еді. Сол тұста қытайлар билікке іріткі салып Түркі Төрелеін бір-біріне жау құрылу харекетін әстеп жатқан қиын-қыстау жағдайда тұрған болатын.

Мәңгілік Ел ойшылдарының көрнектілерінің бірі Асанқайғы бұл идеияның жалғастырушысы және дамытушысы болды. Ол Қорқыт атаның мәңгі бақи өлмейтін өміріні идеиясын халықты мәңгі бақытқа бөлеудің бірден-бір шығар жолы «Жер ұйық» идеиясын алға қойды. Дәл осы жер ұйық идеиясының жемісі Қызық хандығы болып ғасырдан ғасырға жалғастып Қазақ хандығының соңғы кезеңіне Уәли хан заманына келгенде Қазақтың «бес Алтын Діңгегі» аталған дулаттан шыққан Жамбыл, шапыраштыдан шыққан Сақтан, найманнан шыққан Атақара, керейден Тайлақ, адайдан шыққан Наурыз қатарлы қайраткерлермен мемлекет болашағы туралы үлкен кеңес құрады. кеңесте шапырашты Сақтан Бидің ұрпағынан патша шығып Мәңгілік Ел құратындығы, көк ту желбіреп, тарихтың ақиқаты шығатындығын, бабалар жолымен жүрсе құдыретті елге айналатындығын талқылайды. Мұндағы Сақтан би мемлекет құрушы тұлға Нұрсұлтан Әбішұлының ұлы бабасы болатын [55]. Сондықтанда Елбасының Мәңгідік Ел идеиясы Төре билігінің салған жолы болып, 1400 жылдан бері үзілмей Бумын, Күлтегін, Қорқыт, Әбу Насыр әл-Фараби, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Шыңғысхан, Осыман, Керей мен Жәнібек, Асанқайғы, Уәли хан қатарлы ұлы ойшыл мемлекет қайыраткерлері идеиясының жаңа мың жылдықта Түркі халқының қарашаңырағы Қазақстанда жариялануы еді. Мәңгілік Ел идеясы тарихымыздың дәуір бөлгіш кезеңдерінде ғана ортаға қойылып отырды.

Дүниедегі ірі державалар арасындағы саяси текетірестердің жилеуі және ушығуы, адамзат тағдырын шешетін мемлекеттердің басыдарлығын әлсіретіп, бүкіл әлем жаңа бір өркениет ошағына – адамзат билігінің кіндігі болған, өркениеттің көзі болған Еуразия даласына жүйеден Түркі даласына ендігі ұлы ғасындың келе жатқандығын Түркі танушы Ресейлік ғалым Беликовтың 2012 жылы Анкара қаласында лев. Гумиловтың 100 жылдығында: «Бүгін Мая күн тізбесі бойынша тұтас бір кезең ақырласып Түркі жұртының дәуірі басталды» дегені жайдан-жай айылмаған аса маңызды болжам еді.

Елбасымыз Еуразия даласының жүрегіне астана салдырды. Бұл Мәңгілік Елдің астанасының қалыптасуы болды әрі бүл шаһар әлемдегі көптеген күрделі мәселелердің шешім табатын ордасына айналдды. Ежелгі Түркі халқының мифтік аңыздарында айтылатын он сегіз мың ғаламды жалғап тұратын көзге көрінбейтін рухани бәйтерек болады деген ұғым бойынша Аспан Тұғыр, Ел Тұғыр, Жер Тұғырын түйлістіретін Бәйтерек салдырып тамырын терең тартқызды. Түркі халқының билігінің симовлы болған алтын жұмыртқаны Мәңгілік Ел монументінің басына орнатып үстіне алтын самұрықты қондырды. Алтын самұрық Түркі халықтары ақыл-парасатының жауһарын Нұр-сұлтан қаласының Жер Тұғырына біріктірді. Қазақстаннң Мәңгілік Ел құру идедиясының негізін Түркілік әлемдік идеялогиясынан нәр алдырды. Үшінші мыңжылдықта Мәңгілік Ел әлемдік идеясының алтын шаңырағын Қазақ жерінен жарқыратты.

Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекетіміз билігі батыл қадамға барып астана салдырды, төркүл дүниені таң қалдырды. Ал, қазақ тіліне, рухани құндылығыына келгенде неге батылсыз? Ғасырлар толқыны зымыраған сайын жершары сан алуан өзгеріске дөп келеді. Біз ойламаған мемлекеттердің туындайтыны сияқты, біз ойламаған тілдер де әлемнің ортақ тілі болатын ғасырларда келеді. Біз ойламаған халықтар дүниенің қожасы болатын дәуірлер келеді. Осы ғасыр толқынында біз мемлекетіміз бен тілімізді әлемдік деңгйге көтеріп  дүниеге ықпал ете аламыз ба? Ендеше, Қазақстанның бүгінгі партиялары Шыңғысханнан жалғасқан Төре билігі (1206-1847) сияқты алты ғасырддан астам уақыт мемлекетті құдіреттендіріп орнықты ұстап жалғастыра алама, жоқ па?

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Мен халқымның тағылымы мол тарихымен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын қалаймын,- дей келіп, — егер рухани жаңғыру ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» десе: «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» дейді. Елбасының осы идеиясы Мәңгілік Елді адастырмайтын, ұлытты ұлы тамырына жалғайтын Мәңгілік Ел ұлтының жолын көрсетті. Дәл осыдан болашағымызға көз жібергенде ұлтымыздың алдында екі жол тұр. Бірі, ұлттық құндылықтарымызға оралып тілімізді, салт-санамызды, төл мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды жетілдіріп және дамытып, Түркілік рухпен адамзат қоғамына теңдессіз үлес қосатын міңгілік елдің ұлтын қалыптастыру; Енді бірі, барлық рухани құндылығынан айырылған, мемлекет емес ұлтын сақтай алмайтын, төл бағдары жоқ, болашағы бұлыңғыр, кім көрінген жерімізге қожалық ететін дүбара халыққа айналу.

Біз Мәңгілік Ел құруда Түркі халықтарының Аспан Тұғыр, Ел тұғыр, Жер Тұғырын біріктіріп Елбасымыздың Мәңгілік Ел құру идеиясын тереңдей зерттеп Мәңгілік Елді қалыптастырудың түйінін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындаңы ұлттық идеиялармен ұштастырып бағыт-бағдар етіп алып жүруіміз керек. Елбасымыздың Мәңгілік Ел құру идеясын Үш Тұғырмен біріктіріп ежелгі Үш тұғырдың құдырет күші Елбасымыздың осызаманғы идеияларымен қабысып басқа мемлекеттерде жоқ Мәңгілік ел философиясы болып қаланады.

Біз Түркі халықтарының Жер Тұғырының маңыздылығынан ұтымды пайдаланып, ішкі ұлттық өндірісті дамытып ғасырдан ғасырға жететін байлығымызды ұлттың көркейіп – гүлденуі мен мемлекеттің құдіреттенуіне экономикалық өзек етіп, Ел тұғыр өркениет тарихымызды яғни Түркі халықтарының ортақ тарихын жазу арқылы ұлы даланың ұлттық руын тірілтіпі жетілдіріп Мәңгілік Елдің ғасырлық Жарғысын(заңын) тұрақтандырып Мәңгілік Елдің қауыпсыздігін қамтамасыз ететін әскери Аспан Тұғыр жүйесімен бірлестіріп, ежелгі Үш Тұғырды біріктіріп Түркі ұлы ұлысын негіз еткен жаңаша Ұлы Бірліктің жолын қалыптастырғанда ғана Түркі халықтарының Мәңгілік Ел құруына болатындығын, Мәңгілік Елдің тірегі ғаламат Үш Тұғыр Түркі халықтарының Мәңгілік Ел құруындағы Түркілік жол, Түркілік сорап, Түркілік бағыт болып бұл заңдылықтың сырын ашқан әрқандай халық Міңгілік Ел құратын құдрыретті күшке қол жеткізе алады.

Біз Ұлы Түрік Қағанаты тұсында бір орталыққа бағынып бір тіл, бір жазу, бір мүдде арқылы әлемді жалт қараттық, әлемдік саясаттың тізгін-шылбырын ұстап Ең ұлы империяға айналдық. Екінші мыңжылдықта Шыңғысхан империясының мұрагері болған Бату хан басшылығындағы Ұлы Ұлыс (орыстар Алтын Орда деп атады), Құбрлай басшылығындағы Бірлік Ұлыс (Қытайлар юан патшалығы деп атады) және Осыман империясы болып жер әлемді билеп ұлы бірлігіміз арқылы төркүл дүниеге ықпал көрсеттік. Сондықтан Түркі мемлекеттері бірлікке келіп, Түркі халықтарының Ұлы Бірлігін құруымыз керек. Экономиклық жүйе, әскери жүйе бір тұлғаланған; тілі, жазуы, діні, салт-дәстүрі, мәдениеті ұқсастығынан бір тұлғаланған Ұлы Бірлкке бет алуымыз керек. Бізде Ұлы Бірлік қалыптасқанда түркі жұртының мүддесі бірігіп, қуат күшіміз артып адамзат қоғамының ілгерлеуіне үлес қосамыз және тарихтағы ұлы орнымызға келеміз. Түркі Ұлы Бірлігінде бас қосқанда әлемдегі мемлекеттерге, әлемдік саясатқа ықпал көрсетеміз, Дүниедегі ірі одақтар мен тең тұрып шарт жасаса аламыз. Ол кезде бүкіл әлем бізбен санасатын болады. Ұлы Бірлік арқылы Түркі мемлекеттері мен халықтары бір мүдде жолында жұдырықтай жұмылса ғасырдан ғасырға кететін адамзатқа теңдіктің, ізгіліктің нұрын шашатын Мәңгілік Елге салтанатты түрде қадам басып жаңа ғасырдағы жаңаша қуат бірлігін жасақтап, жаңа ой, жаңа идеямен адамзат дамуы мен өркениет тарихын ілгерлететін даңғыл жолын салып тарихқа алтын әріппен жазылатын 3 мың жылдықтың Мәңгілік Еліне қадам басамыз.

 

Мақала авторы: Манатхан Шерияздан, Мұратхан Шерияздан

Пайдаланған әдебиеттер:

[1][2][6][10][18][19][21][22][23][24][31][32][36][38][40][55] «Қазақтың қысқаша тарихы», Нығмет Мыңжани, Шынжаң халық баспасы, Үрімжі, 1987 ж., 598,355,356,600,291, 297,303,304,330,67,68,498,501,597 беттер

[3] «Қазақтың мәдениет тарихы», Су Бихай, 2005ж., 597бет.

[4] «Мұра» журналы, Әлікей Марғұлан, «Түркі тайпаларының арғы тегі Ғұндар», 2014ж.,   2-сан,  69 бет.

[53][45][43][5] «Көшпеллер және Орта Жазық Мәдениеті», Ясын Құмарұлы, Айнұр Ясынқызы, Ұлттар баспасы, 2011 жыл, 500,139,8,496-498 беттер.

 [7] «Қазақ ССР Тарихы », 1 том, 242, 243 беттер.

 [8] «Қырғыз, Қазақ тарихының сипаттамасы», А. Левшин, 53 б.

 [9] «Қытай Тарихнамаларындағы Қазаққа қатысты деректер», I том, Ханнама, 96бума, Батыс өңір баяны(II)  626 бет

[11] «Қазақ – Совет энциклопедиясы», 1том,  502 бет

[12] «Қазақ Өркениеті», Еренғайып Омаров, Ұлттар баспасы, 153 бет

[13] «Жоунама. Түркілер баяаны», «Ұйғырдың қысқаша тарихы», Шынжаң Халық баспасы, 2006 жыл,  27-28 беттер

[14] https://adebiportal.kz/kz/news/view/kultegin_zhiri_erkin_adebi_nuska__1488

[15] «Қазақстан тарихы туралы Түркі деректемелері», II том,  252бет

[17]«Найман хандығы: тарихы және мәдениеті (XII  — XIV), Зардыхан Қинаятұлы, Мерей баспасы, 2017 жыл,  182бет

[20][16] «Қазақ Сұлтандары» Арман Қият, Алматы, 4,   28бет

 [34][33] [30][28][25]«Қазақ тарихының әліппесі», Мұхтар Мағауин, Шынжаң Халық баспасы, 1999 жыл.

[26] «Тарихи Хайдари», Хайдар ибн әл-Хұсайын Рази, «Қазақтың қысқаша тарихы», Нғымет Мыңжани, 1987ж.,  382 бет

[27] «Қара Қалпақ тарихының очерктері», П.Юанов, 1935ж.,  30 бет

 [55][29] https://kznews.kz/basty/5-altyn-dingek-nazarbaevtyn-7-atasy-turaly-tarihi-derek/

[39][37] « Қазақ Совет энциклопедиясы», 6 том,   542бет

[51][41] «Қытай жылнамаларындағы Ғұн, Түрік баяндары», Іле Халық Баспасы, 2009ж.,   2,  12 беттер

 [42] «Мұра 30 жылдан таңдамалылар», II том, «Шежіренің мәні мен сипаты туралы», Іле халық баспасы, 58 бет

[43] «Моңғұлдардың этнонимы: Моңғұл халхының этникалық құрамы туралы сұрақ  жауаптар » , Сулдэ, Элста, 2016ж.

[44] Шоу Венди, профессор, Шветцария мемлекеті Берн университеті тарих өнері факультетінің және мәдени орталығының жетекшісі

[52][47][46] «Қазақ Мәдениетінің айдыны», Шынжаң жастар — өрендер баспасы, 2006ж.,  280-284 беттер

[48] «Аспан сыры», Хасен Әбішев, Қазақ мемлекеттік саяси әдебиеттік баспасы, Алматы, 1962ж., 5бет

[49] « Қазақтың мифтік аңыздары», Нымет Мыңжани, Шынжаң халық баспасы, 2008ж.,  92бет

[50] «Ежелгі Қазақ мифтері», О, Жанаидаров, Ұлттар баспасы, 2006ж,  10бет

[53]  https://kk.m.wikipedia.org/wiki/Ғарыштану