Макс Боқаев Мемлекет басшысына 5 түрлі талап қойды: Біздің Отан ауыр күйзеліс үстінде (видео)

0
138
Видеодан скрин

Жақында ғана бостандыққа шыққан қоғамдық белсенді Макс Боқаев әлеуметтік желі арқылы Тоқаевқа 5 түрлі талап қойды.

«Бірінші қадам – Ұлттық ымыра:
Қасымжомарт Тоқаев жарлығымен барлық саяси астары бар істерді жоқ қылып, саяси тұтқындарды босатсын;
Өзі үшін және ортақ үйімізге амандық тілейтіндер ұрыс-керісті доғарсын;

Екінші қадам – Ұлттық диалог:
Бұны азаматтық коалиция және Тоқаев командасы арасындағы алдын-ала келіссөздер түрінде Атырауда өткізуді ұсынамын;

Үшінші қадам – Конституциялық құрылтай:
Оған қатысу үшін, әр обылыс пен ірі қалалардан белгіленген мөлшерлердегі делегаттар жинала алады;

Төртінші қадам – Республиканың жаңа Конституциясын қабылдау;

Бесінші қадам – Адал сайлау өткізу;

Осының бәрін биыл қазан айының соңына дейін жасап үлгеруіміз керек. Уақыт өте тығыз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Біріксек дегенімізге жетеміз. Біздің Отан ауыр күйзеліс үстінде. «Елді кім тонады?» деп, қазір іс қозғап жазалайтын прокурор болғам келмейді. Мен, әрекет жасау керек деймін. Құлдырауды тоқтатып, тарихи тұйықтан шығу оңай болмас. Демек, Қазақстан Республикасын дамуға жеткізетін жолдар мен мүмкіндіктер бар.
Мен оптимистпін. Басқаша жағдайда елден баяғыда кетіп қалатын едім» деді М.Боқаев.