Лукашенконың енді Путинге көмектескісі келмейді

0
4380

Беларусь бұдан былай Украинадағы арнайы операцияларға қатыспайды. Алдағы уақытта ондай жоспар жоқ екенін Қауіпсіздік кеңесі мүшелерімен кездесуінде ел президенті Александр Лукашенко айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап.

Лукашенко қазір операция бес бағытта жүргізіліп жатқанын атап өтті: Қырым, Донецк, Лугансктен Киев, Чернигов, Харьков бағытында.

– Беларусь армиясы соғыс қимылдарына қатысқан жоқ және қатыспайды, біз мұны кез келген адамға дәлелдей аламыз. Оның үстіне Ресей басшылығы бұл мәселені – біздің қарулы қақтығысқа қатысуымыз туралы ешқашан көтерген емес. Біз Украинадағы бұл арнайы операцияға қатысуды жалғастырмаймыз. Ондай қажеттілік жоқ. Біз мемлекеттік шекараны Бресттен жабамыз. Радикалдар еліне қару-жарақ енуіне жол бермеу үшін өз күштерімізбен Мозырьға барамыз, – деді Лукашенко.

Беларусь басшысының сөзіне қарағанда, елде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері де іске қосылған.

Айта кетейік, бұған дейін Лукашенко қажет болған жағдайда Украинаға әскер жіберуге уәде берген болатын.