Кремль Путиннің денсаулығына қатысты шындықты айтты

0
2266

Ақпаратты АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы да растады
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің денсаулығына қатысты сұраққа жауап берді. Ол РФ басшысының ауырып жүргені туралы ақпараттың бәрі өсек-аяң екенін айтты.
Бұл туралы «Новости» ақпарат агенттігі хабаралды.
Путиннің денсаулығы жақсы. Соңғы кезде америкалық, ұлыбританиялық, украиналық ақпарат құралдары президенттің денсаулығы туралы түрлі өсек-аяң таратып жатқанын білесіздер. Бұл өсектен басқа ештеңе емес. Біз бұл туралы айтып жүрміз, –  деді Песков.
Бұл ақпаратты АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы да растады. Оның басшысы Уильям Бернстің айтуынша,  Ресей басшысының денсаулығы жақсы. Президент Путиннің денсаулығына қатысты көптеген қауесет бар. Ол сап-сау. Бұл барлау қызметінің расталған мәліметі.