Көшербаев сол кеткеннен мол кетті

Қырымбек Көшербаев мемлекеттік органдарда жұмысын жалғастырып жатыр ма деген сұраққа мемлекеттік қызмет істері агенттігі жауап қайтарды, деп хабарлайды kznews.kz сайты оrda.kz порталына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының 5 қаңтардағы Жарлықтарымен Қ.Е. Көшербаев қызметінен босатылды. Сондықтан олар саяси мемлекеттік қызметшілер болып табылмайды», – делінген ведомствоның жауабында.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Көшербаевтың мемлекеттік әкімшілік қызмет атқарып жатқаны туралы жауап бермеді.