Көлгінов турникке 15 рет тартыла алады

0

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожиннің «Национальный интерес» хабарына берген сұхбатында айтты.

«Ешқандай жаттығусыз кермеге 15 рет тартыла аламын»,– деді Алтай Сейдірұлы.

Сондай-ақ ол спортпен тұрақты шұғылданатын айтып қала тұрғындарын спортпен айналысуға шақырды.

«Жүгірумен тұрақты айналысуға тырысамын. Жақында марафонға қатысып 10 шақырым жүгірдім. Алған әсер, көңіл-күй керемет. Әкім әркез ширақ болған жөн. Сондықтан спортпен тұрақты айналысу керек. Және барлығын спортпен айнылысуға шақырамын», – деді А.Көлгінов.

Оның айтуынша бүгінде қалада спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Әсіресе көпірлердің астын қоғамдық кеңістікке айналдыру, оларда спорттық алаңшалар ашу бастамасы қала тұрғындарының қолдауына ие болған.  Қала әкімі Президент тапсырмасына сай қала аумағында 4 спорт кешені салынып жатқанын айтты.