Экс-министр жаңа қызметке тағайындалды

0

Аида Балаева президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz сайты stan.kz порталына сілтеме жасап.

«Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалсын», – делінген пезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қазақстан үкіметінің құрамы туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Балаева 1974 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша және Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

Осы жылдар ішінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық байланыс департаментінің қоғамдық-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің жетекші маманы, ҚР Ақпарат және қоғамдық байланыс басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Балаева Алматы қаласы Ішкі саясат департаменті директорының бірінші орынбасары, Алматы қаласы Ішкі саясат департаментінің директоры, Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. Төрт жыл бойы ол елорда әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Балаева 2014 жылдың желтоқсанында президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Аида Балаева 2019 жылдың шілдесінен бастап Президенттің көмекшісі – Президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.