«Халық сізді не себепті ұнатпайды?»: Нұр-Сұлтан әкімі өзіне қойылған сұраққа жауап берді

0
1198

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі өзіне айтылған сынға қалай қарайтынына жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz сайты stan.kz порталына сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желіні қарайтын болсақ, сіздің тарапыңызға түсіп жатқан көптеген арыз-шағымды көруімізге болады. Сіз өзіңіздің бітіріп жатқан жұмысыңызды айтқаныңызға қарамастан, сыни пікірлерді жиі естиміз. Қалай ойлайсыз халық сізді не себепті ұнатпайды», – деп сұрақ қойды журналист.

Алтай Көлгінов өзіне сыни пікірлердің айтылатынын мойындады.

«Сын әр жерде болуы керек деп ойлаймын. Егер ақылға қонымды сын болса, бұл біздің жұмысымызға пайдасын тигізеді. Біздің жұмыстың көлемі кішкентай емес. Қалада 1 миллионнан астам тұрғын бар. Бұл табиғи процесс деп ойлаймын. Тұрғындардың мәселесін шешу үшін жеке де қабылдаймыз. Әлеуметтік желілер арқылы да сұрақтарға жауап береміз. Айкөмектің өзіне 2 миллионнан астам шағым келіп түсті. Бұл цифр өсіп келеді. Кері байланысты нығайту бізге көмектеседі. Арыздар, шағым – бұл жұмысымыздың бір бөлігі. Сұрақтар өте көп. Мұны мойындау керек. Сондықтан өз қаласы үшін уайымдайтын, көркейту үшін идеясын ұсынатын тұрғындарға алғысымды айтамын. Біз осылай қаламызды көркейте аламыз», – дейді әкім.