Головкин: Бұрын қарсыласымды мыжып, тіпті, быт-шытын шығарып тастағым келіп тұратын

0
330
Сурет: instagram.com/gggboxing/?hl=ru

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бұрын шаршы алаңда қарсыластарына қалай қарағанын айтып берді, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

«Үнемі кей боксшылар айтатындай шашки немесе доп ойнамай, қарсыласымды мыжып, кейде, тіпті, быт-шытын шығарып тастағым келіп тұратын. Жай ғана алып жеп қойғым келіп тұратын», — деп келтірді DAZN Головкиннің сөзін.

Геннадий Головкин 43 жекпе-жегінің 36-сын мерзімінен бұрын аяқтаған. Оның нокауттары 83,72%-і құрайды.

Қазір 38 жастағы қазақстандықта IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуі бар. Ал бұған дейін ода WBA Super мен WBC белбеулері болатын.