Домой Басты тақырып Ердоған ең төменгі жалақыны 120 мың теңгеге көтерді

Ердоған ең төменгі жалақыны 120 мың теңгеге көтерді

0
383

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған 2022 жылы ең төменгі жалақының өсетінін жариялады. Ол 2825 лираның орнына 4250 лираны (шамамен 120 000 теңге – ред.) құрамақ, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Біз 2022 жылы ең төменгі жалақы мөлшері кем дегенде 4250 лираны құрайтын болады деген шешім қабылдадық. Кәмелетке толмаған балалары бар адамдар үшін бұл көрсеткіш одан да жоғары болады», – деді басшы.

Ол ең төменгі жалақы мөлшері 2022 жылы шамамен 50% өсетінін атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл соңғы 50 жылда болмаған жаңа рекорд.

Түркия президенті пандемия кезінде ел үкіметі халық пен экономиканы қолдауға бағыт алғанын атап өтті.

«2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Түркияда табыс салығы мен ең төменгі жалақы алымдары алынады. Бұл қадам жұмыс берушілерді қорғауға бағытталған»,– деп сөзін толықтырды Ердоған.