Енді Туды қорлағандарға 10 млн теңге айыппұл салынады

Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлімдеді.
«Қылмыстық кодекстің 372-бабына өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде, рәміздерді қорлау дерегі үшін айыппұл 3 мың АЕК-ке (1 АЕК – 3 450 теңге) дейін және қоғамдық жұмыстарға тарту мерзімі 600-ден 900 сағатқа дейін өсті», – деді Нұрғиса Дәуешов.