Елбасының тарихи қателігі: Ол Абайды қызғанып Семейді қараусыз қалдырды ма

0

KzNews порталы еркін ақпарат алаңы. Ерлан Шаяхметұлы: «Ғалымжан Жақияновта Назарбаевқа «бұл шешіміңіз қате болады.» деп тәуір-ақ айтқан екен. Назарбаевтың бұл іштарлығын қазақта тек өзін ғана бас тұлға етіп танығысы келетін пендешілігінен іздеу керек, ең бастысы- қазақтың бас тұлғасы Абайға деген жеке ішкі қызғанышы еді деп қабылдануы керек» деп жазыпты аталмыш мақалаған пікір ретінде. Оқыңыз. Қандай ой түйетініңіз өз патша көңіліңізде…

***

ЕЛБАСЫ ҚАШАН СЕМЕЙДІ ЕСІНЕ АЛАДЫ?

Киелі, қасиетті қайран Семей!
Көрдің-ау, талай сұмдық ойран Семей!
Өткен мен кеткеніңді айтар болсам,
Көкірек қарс айрылар ойдан Семей!…

Семей қаласын бүткіл қазақ:

— Алаштың Астанасы, әдебиет пен өнердің орталығы — деп атауы баяғыдан қалыптысқан. Ол атағын Ұлы Абайдың 175 жылдығында ҚР Президенті Қ.Тоқаев:
— Семейге «ТАРИХИ ОРТАЛЫҚ» деген статус беріледі! – деп Семей халқын қуантып кетіп еді. Президенттің жарлығын тоса-тоса, аяғы күдер үздік.

Егер биліктің Семейдің өркендеуін, халқының әл-ауқатын көтеру, қаланы заманауи қалыпқа келтіруге шын ойлары болса, оған бір ғана жол бар — Семей қаласына облыс орталығы статусын қайтару!

Кезінде шашыліп қалған Талдықорған мен Көкшетау қалаларына облыс орталығы статусын қайтарғаннан кейін, екі-үш жылдың ішінде гүлденіп шыға келген еді. Осы игілікті істі Семейге де жасайтын уақыттың келмей-ақ қойғаны-ай!…

Неге екенін, Семейдің 215 жыл уездің, губернияның, округтың, обылыстың орталығы болған тарихын да, Семейден Абай, Шәкәрім, Мұхтар т.б. ұлылардың шығуы, ұлы ғалымдар Қаныш пен Марғұланның білім алуы, Алаштың Әлихан бастаған Арыстары «Алаш» партиясын құрып, Семейді Алаштың Астанасы етіп таңдауы да, Семейдің ежелден әдебиет пен өнердің, білім мен ғылымының орталығы болғанын да Елбасы мен Президент «көзге ілмей», «тақияларына тар болып» келеді.

Семей қаласы 1728 жылдан уездің орталығы, 1854 жылдан Семипалатинск губерниясының орталығы, бұл губернияға Қарағанды, Павлодар, Семей, Өскемен, Аякөз, Лепсі уездері қарады. Қазіргі тілмен айтсақ бес облыстың орталығы болған.

Совет одағы кезінде, 1920-1928 жылдары Семей губерниясының орталығы, 1928-1932 жылдары Семей округының орталығы, 1932-1939 жылдары Шығыс қазақстан облысының орталығы, 1939-1997 жылдары Семей облысының орталығы. Міне, Семей тура 215 жыл орталық болған!
Сонау Петр — 1 мен Ресейді 40 жыл билеген қатын патша Екатерина — 1 және 1917 жылы құлаған соңғы патша Александрға дейін Орыс патшалары Семейді неге орталық жасаған?

Совет көсемдері — Ленин, Сталин, Вулганин, Хрущев, Брежнев, Андропов, Черненко, Гарбочевқа дейін неге орталық қып қалдырған? Сонда бұлардың бәрі түк білмейтін ақымақ болды ма? Жоқ, олар ақымақ емес!

Олар Семейдің географиялық, әскери стратегиялық, экономикалық нағыз тиымды жерге орналасқан қала ретінде, орталық қып, қалдырып отырған.
Ал, Қазақстан тәуелсіздік алысымен 1997 жылы Семейдің облыстық дәрежесін жойып, Өскеменге қараты. Соның нәижесінде 400 мыңдай халқы бар қаланың тоз-тозы шығып, қала халқы екі-үш жылдың ішінде 227 мың ғана болды.

Елбасы Семейдің Активімен өткізген жиналысында:
— Семейді Өскеменге қосудың басты себебі; бұл қала жеңіл өнеркәсіпті қала, енді өзін-өзі асырай алмайды. Екінші — Өскеменде «қаракөздерді» көбейту мақсаты да көзделген. Сол Себепті, Семейді Өскеменге қостық — деді.

Бұл шешім — Елбасының тарихи қателігі болғанын, шешім шыға сала Семейдің зиялылары «күбірлесіп» айтып жүрді.

Менің пайымдауымша, бұл қателікке Елбасын итермелеген жоғарыдағы екі себеп емес, оның халықтан жасырған үшінші басты себебі болды-ау, шамасы.

Ол себеп — Семейдің дәл сол кезде опозицияның орталығына айналып бара жатқандығы болуы еді. Опозицияның Серкелерінің көбі Семейден шығуы, Семейдің «Азаттық» қозғалысының өте батыл қимылдарының әсері де болуы мүмкін. Сол себепті, Семейлік опозицияның лидрлерін қолдаған мықты кәсіпкерлер мен Банкирлерді, зиялы қауым өкілдерін, облысты жауып, басқа қалаларға кетуіне мәжбүрлеу болғаны шығар — деген күдікте басым.
Егер, Семей обысының жабылуына дәл осы болжам себеп болса, онда Елбасының мақсаты толық орындалды!

Семей қаласы статусынан айрылғаннан кейін кәсіпкерлерге жұмыс жұргізу мүмкіндігі қиындай түсті, Банктер филиалдарға айналды, Бес жоғары оқу орны бір университетке айналды.
Қаладағы одаққа белгілі кәсіп орындар — Ет комбинаты, Жүн өңдеу фабрикасы, «Большевичка» тігін фабрикасы, Семей Аяқ киім фабрикасы, Цемент заводы, Арматура заводы, Кабель заводы, Сүт өнімдері заводы, Тері өңдеу заводы т.б. хала халқын асырап отырған жұмыс орындары жаппай жабылып, немесе қысқартуға түсті. Семейде жұмыссыздық пен қылмыс етек алды. Қала тұрғындары жұмыс іздеп, Өскемен, Павлодар, Алматы, Қарағанды, Астанаға т.б. қалалар мен Ресейге үдере көшті.

Семейдің мәдениеті мен өнері де өте ауыр жағдайға тап болды. Барлық аудандарда мәдениет үйлері, музыка мектептері, спорт мектептері, кітапханалар жабылып, тау-тау кітаптар өртелді. Облыстық театрлар мен филармониялар оптимизацияға түсіп, штаттары 2-3 есеге қысқартылды. Осының бәрін, көзімізбен көргендер, әлі күнге дейін өкінішпен еске аламыз.
Бір көңілімізге үміт ұялатқаны, кейінгі 2-3 жылдан бері үкімет тарапынан Семейге көңіл бөліне бастауы. Жаңа құрылыстар бой көтеріп, қалының жылу жүйесі жақсарып, көп балалы Аналар мен жетім-жесірлерге, мүгедектерге баспана беріп қамқорлық жасалуы.

Дегенменде, қаланың жағдайы әлі түзеле қойған жоқ. Жаңа Семей жақты араласаң, тура бір соғыс болып өткендей, қаптаған, завоттар мен комбинаттардың, фабрикалардың қаңырап қираған ғимараттары, бомба түскендей шұрқ-шұрық шұңқырлы көшелер, түнде қаланы араласаң, тура бір өлі қалаға келгендей, қап-қраңғы көшелер, Базар мен жерасты өткелдерінде садақа сұраған, қоқыс жәшікті ақтарып, тамақ іздеген қаптаған қала толған қайыршылар.

Семей қазір ең жұмыссыздары мен баспанасыздары, кедейлері көп қаланың бірі де бірегейі! Айта берсең шыға береді. Осымен тоқтатайын!

Сөзімді түйіндесем, «жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» — деген Бабаларымыз. Сол айтқандай, Елбасы көзінің тірісінде, қолында билік тұрғанда, өзінің ең үлкен тарихи қателігінің бірі – 215 жыл орталық болған киелі Семейдің статусын жойған қателігін түзеп, Семейді Шығыс Қазақстан Аймағының орталығы етуді қолға алса – халықтың алғысына бөленер еді. Әй, қайдам…

Аймұханбет Бейсембеков 27.03.2021. Семей. (Facebook парақшасынан)