Елбасы Владимир Путинді Гитлермен салыстыратындарға қарсы пікір білдірді

0

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинге мінездеме берді, деп хабарлайды kznews.kz сайты sputnik.kz порталына сілтеме жасап.

«Біріншіден, оның ұстанымы бар, екіншіден, сөзінде тұрады. Бұл саясаткер үшін сирек кездесетін қасиет. Егер ол уәде берсе, ал оны орындау тіпті ауыртпалық салса да, бәрібір орындайды. Сондай-ақ ол осы жылдар ішінде достарын сатпайтынын, достыққа адал екенін көрсетіп келеді. Оның шынайы патриоттық сезімі құрметке лайық», — деді Назарбаев «Қазақ. Алтын адамның тарихы» фильміне енген сұхбатында.

Сонымен қатар Қазақстанның экс-президенті Батыста Ресей басшысын сынаушыларға қарсы пікір білдірді.

«Батыста оны Гитлермен салыстыра суреттейтінін естіп жатамын, бұл – ойсыздық», — деді Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы Владимир Путинмен алғашқы кездесулерінің бірінде олардың арасындағы ұзақ және жемісті ынтымақтастықтың негізін қалаған әңгіме болғанын айтты.

«Біз оңаша сөйлестік, бұл арамыздағы толық сенімнің негізін қалады. Ал содан бері 20 жыл өтті, қарым-қатынасымыз тек дамып келеді. Нашарлаған жоқ… Ол келгенде мүлдем тәжірибесіз еді, содан кейін бірте-бірте өсті. Сондықтан мен оны адам ретінде де, саясаткер ретінде де бағалаймын және құрметтеймін», — деді Назарбаев.