Дариға Назарбаева: Ресейдің өзінде «ксенофобия көрінісі» кездеседі

0

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың «Қазақстанда орыстілділерге қатысты ксенофобияға куә болдық» деген уәжіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz сайты zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Лавров Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы жөніндегі 9 қараша күні «Российская газета» басылымында жарық көрген мақаласында осындай пікір айтқан.

«Ресейдің өзінде де «ксенофобия көрінісі» кездесетінін айтқан депутат Назарбаева тұрмыстағы жекелеген ұлтшылдыққа бола Ресейдің ең жоғары деңгейінен осындай сөздің айтылғанына шын өкінемін. Ондай біздің елде де, өзге мемлекеттерде де болып тұрады. Бұл реакция көп қазақстандықты таңқалдырады және көңілін түсіреді» — деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанда жүзден аса ұлт өкілі өмір сүреді, конституцияда орыс тілінің статусы жазылған, орыс тілі мектепте, колледж бен университеттерде оқытылады және миллиондаған қазақстандық орыс айналасынан ешқандай «ксенофобия» көрмейді.