Дариға Назарбаева мәжіліс жиынына қатыспаған

0

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы, мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева 11 қаңтарда парламенттегі отырысқа қатыспағаны айтылды, деп хабарлайды kznews.kz сайты azattyq порталына сілтеме жасап.

Мәжілістің баспасөз қызметі ҚазТАГ ақпарат агенттігіне Назарбаеваның сырқаттанып қалғанын айтқан. Мәжіліс ресейлік РИА Новости ақпарат агенттігіне де Назарбаеваның ауырып қалғанына байланысты отырысқа келмегенін мәлімдеген.

Orda.kz сайты Дариға Назарбаеваның көмекшісі Жанна Ермековамен сөйлескенін жариялады. Ермекова Назарбаеваның «Алматыдағы үйінде екенін, коронавируспен ауырып қалғанын» жеткізген.

Азаттық тілшілері Назарбаеваның 5 қаңтардағы отырысқа да келмегенін байқаған.

Дариға Назарбаева бір жыл бұрынғы парламент сайлауында биліктегі «Нұр Отан» партиясы атынан мәжіліске депутат болып сайланған. Ол кезде бұл партияны әкесі Нұрсұлтан Назарбаев басқарып тұрған еді. Кейін Назарбаев партия төрағалығын қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырған еді.

Тоқаев 11 қаңтарда мәжілісте Нұрсұлтан Назарбаев жайлы бір ауыз сөз ғана айтып, бұл сөзінің өзінде Назарбаевты түйреп өтті.

«Бірінші президент — «елбасы» тұсында өте табысты компаниялар мен халықаралық деңгейдегі бай адамдардың тобы пайда болды. Халыққа тиесілі халыққа беретін, жүйелі түрде көмектесетін уақыт келді. Үкімет компанияларды анықтап, олармен «Қазақстан халқына» қорына аударатын салымдарын анықтауы тиіс» деді ол.

Бұған қоса, Тоқаев «елдегі олигархтар тобы бәсекелестікті төмендетті» деп мәлімдеді.