Дариға Назарбаева депутаттықтан кетпек пе?

0
2550

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы, Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева отставкаға кетуі керек деген ойда.

«Қазіргі жағдайға байланысты ол адам ретінде, азамат ретінде отставкаға кетуі керек. Бұл жағдай оның есімімен байланысты және осылай дұрыс болар еді» деді Сарым.

Еске салсақ, Дариға Назарбаева қаңтардағы қайғылы наразылықтар басталғаннан бері Мәжіліске келмеген. Ресми ақпарат бойынша, ол коронавирус жұқтырған. Ал 1 ақпанда кейбір дереккөздер бойынша Назарбаеваның Дубайда жүргені хабарланды.