Бүгін Роза Рымбаеваның туған күні

0

Бүгін күміс көмей, жез таңдай әнші Роза Рымбаеваның туған күні.

Әншінің үлкен ұлы Әли Оқапов Instagram-дағы парақшасына анасын құттықтады. 

Роза Рымбаева 1957 жылы 28 қазанда Семей облысы Жаңғызтөбе ауданында дүниеге келген.

Айта кетсек, Роза Рымбаева қазақ эстрада әншісі, профессор әрі актриса, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, бірнеше халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендерінің иегері. Қырғызстанның (2000) және Өзбекстанның (1984) еңбек сіңірген әртісі. 1977-1979 жылдары «Песня года» фестивалінің ақтық сайысында және КСРО-ның ең үздік «Звуковая дорожка» хит-парадында (1978 ж. 3-орында Алла Пугачева және София Ротарудан кейін) жоғары орыннан көрініп, үлкен танымалдылыққа ие болған.

Әнші халық арасында киноактриса ретінде де танымал. Ол «До свидания, Медео» фильмінде басты рөлді сомдады, әрі «Первая песня» фильмі, «Женский взгляд», «Роза Рымбаева», «Роза», «Хвост кометы», «И снова здравствуйте» деректі фильмдеріне түсті.