Бүгін Өзбекәлі Жәнібековтың туған күні
Бүгін, 28 маусым — көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туған күні.
Өзбекәлі Жәнібеков 1931 жылы 28 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Сарықамыс ауылында дүниеге келген мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымының кандидаты.
Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосқан азамат. 20 ғасырдың 70-жылдарының өзінде-ақ Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің қалпына келтірілуіне ұйытқы болды. Жәнібековтің бастамасымен Қазақстанның көптеген қалаларында этнографиялық мұражайлар ашылды, Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру мақсатын көздеген “Арқас” қоғамы құрылды. Жәнібеков «Шертер», «Адырна», «Алтынай», т.б. фольклорлық өнер ансамбльдерін ұйымдастырды.
«Наурыз» мейрамының, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев есімдерінің халқына қайта оралуына белсене ат салысты. Ана тілін дамыту бағдарламасының мемлекеттік тұжырымдамасын жасауға қатысты. Алматы облысының тарихи ескерткіштерін қайта түлетіп, қазақы үйлер музей ретінде бас көтеруіне, рухтың оянуына себепші болды. Өзбекәлі Жәнібековтың мұрындық болуымен Жамбылдың ұстазы Сүйінбайға, шәкірті Үмбетәліге музей ашылып, мәдени кешенге айналды.
Қазақтың біртуар ұлы Өзбекәлі Жәнібеков «Қазақтың ұлттық қол өнері» (1982), «Жаңғырық» (1991), «Уақыт керуені» (1992), «Жолайрықта» (1996), «Қазақ киімі» (1996), «Ежелгі Отырар» (1997), «Тағдыр тағылымы» кітаптарының авторы. 2-3 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.