«Боранды» Кенесарының басына айырбастауға дайын едім» – Кәсіпкер

0
332

«Байқоңыр»-дың жеке меншігі болып саналатын «Боран» ғарыш кемесін Дәурен Мұса Ресейге беруден бас тартты. Ол бұл жөнінде Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Буран» ғарыш кемесін жасап шығарған «Молния» ресейлік ғылыми-өндірістік бірлестігі кемені Қазақстаннан Ресейге қайтару туралы жоспарын жария етсе де, атаулы әуе кемесі тиесілі АҚ «РҒК «Байқоңыр» директоры әуе кемесін ешкімге қайтарып беруді ойламайды.

Дәурен Мұса өз жазбасында осы жөнінде Ресей тарапын біраз сынға алады.

«Гагаринның ғарышқа ұшқанына 60 жылдай уақыт өтсе де, Ресей өнеркәсібі осы уақыт ішінде жеткен жетістіктерімен мақтана алмайды. Олар тек осыдан 30 жыл бұрын өздері қараусыз қалдырып кеткен, қазіргі таңда АҚ «РҒК «Байқоңыр”-ға тиесілі аяқталмаған макеттерін даулап отыр», – деп жазады ол.

«Буран» әуе кемесі жеке меншігі болып саналатын АҚ «РҒК «Байқоңыр»-дың 80% акциясы Дәурен Мұсаға тиесілі екенін айта кетейік.

«Буран» әуе кемесі 1992 жылы құрастырылып шығарылған. Ол орбиталық ғарыш кемесінің бірінші сериясының екінші ұшу көшірмесі ретінде ғарышға ұшуы керек болған еді. Алайда қаржылық тапшылықтың салдарынан ол сол күйі ғарышқа көтеріле алмаған. Осылайша әуе кемесінің Байқоңырдағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінде тұрғанына көптеген жыл болды.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті ғарыш кемесін мемлекет меншігіне қайтаруға 2019 жылдан бастап тырысқан. Бірақ сот талапты қанағаттандырмаған.

«Қазақстандық бірінші және екінші сатыдағы соттар «Буранды» мемлекетке қайтарудан бас тартты. Бірақ бұл тәуелсіз мемлекеттің ішкі мәселесі. Ал оған Ресейдің араласуға құқығы жоқ. Қазақстан билігі үшінші жыл бойына мені сотқа беріп, күш-жігерін де, бюджеттік ақшаны да аямай жатқанда ресейліктер кемені алып кетуге дайындалуда. Ресейліктер әдептілік нормасын мүлдем естен шығарып, ақшасы төленіп қойылған затты экспорттауға дайындалып жатқанға ұқсайды», – дейді Дәурен Мұса.

АҚ «РҒК «Байқоңыр»-дың бас директоры Дәурен Мұса осылайша әуе кемесін «Молния» ғылыми-өндірістік бірлестігіне беруге ешқандай себеп көрмейтінін айтады.

«Алып кеткісі келгенімен, кім оларға беріп қояды?! Демек, олар үшін Қазақстанның тәуелсіздігі мен қазақ соттарының шешімдерінің маңызы болмағаны», – деп таңданады ол.

Ол өз кезегінде Қазақстанда батырлар мен билердің тарихына, салт-дәстүрлері мен ата-бабалардың жетістіктеріне үлкен құрметпен қарайтынын еске салып өтті.

«Мен «Боранды» Ресейге Кенесары ханның басы үшін айырбастауға дайын едім. Өкінішке қарай, бейбітшілік пен татулықты көршілеріміз әлсіздік деп бағалайды. Осы орайда, халықаралық соттарға ешкімнің азу батпайтынын және бұл заңсыздыққа қатысы бар әрбір адам лайықты жазасын алатынын ресми түрде мәлімдеймін. Мен Қазақстанда батырлық, абырой мен намыс әлі де бар екеніне сенімдімін», – деп түйіндейді Дәурен Мұса.